GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Қызметі
Байланыс ақпараты
Департамент туралы
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Статистикалық көрсеткіштер
Өзгерістер мен түсіндірмелер
Все материалы
22 октября 2026
Қазақстанда 56 мыңнан астам жұмысшының еңбек құқығы қорғалды

2026 жылдың алғашқы 9 айының қорытындысы бойынша Қазақстанда мемлекеттік еңбек инспекторларының жұмысының арқасында 56 мыңнан астам жұмысшының еңбек құқығы қорғалды.

2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары еңбек заңнамасының сақталуына қатысты 5,7 мыңнан астам тексеру жүргізген. Тексеру нәтижесінде жұмыс берушілерге анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар беріліп, қызметкерлердің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру шаралары қабылданған.

Еңбекақының уақытылы әрі толық төленуіне ерекше көңіл бөлінеді. Тексеру барысында бірқатар кәсіпорында жалақы бойынша берешек бары анықталған. Бұл мәселені шешу үшін жұмыс берушілермен бірлесіп, берешекті өтеу кестелері бекітілген. Оның орындалуын мемлекеттік еңбек инспекторлары тұрақты бақылауда ұстап отыр.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде жұмыс берушілер жалақы бойынша берешекті өтей бастаған. Соның арқасында жүздеген жұмысшының еңбек құқығы қалпына келтірілді.

Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысында «Москворецкое» ЖШС-нің 93 жұмысшысына екі ай бойы жалақы төленбеген. Осы жағдайға байланысты Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті жоспардан тыс тексеру жүргізген. Тексеру барысында қыркүйек-қазан айлары үшін 48,8 млн теңге көлемінде жалақы берешегі бары анықталған. Тексеру қорытындысы бойынша жұмыс берушіге берешекті өтеу туралы нұсқама беріліп, әкімшілік айыппұл салынған.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы жүйелі жұмысын жалғастырып келеді. Негізгі басымдықтар жұмысшылардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау, жалақының уақытылы төленуін қамтамасыз ету, анықталған заңбұзушылықтарды жою және жұмыс берушілердің қызметкерлер алдындағы міндеттерін орындау жауапкершілігін арттыру болып табылады.

22 октября 2026
О подписании декларации о соответствии

Согласно подпункта 4) пункта 1 статьи 9 Строительного кодекс Республики Казахстан, субъекты архитектурной, градостроительной и строительной деятельности обязаны при проектировании, строительстве и застройке населенных пунктов, формировании жилых районов, благоустройстве вновь осваиваемых и реконструируемых территорий в соответствии с законодательством Республики Казахстан и государственными нормативными документами предусмотреть доступ для маломобильных групп населения к жилым, общественным и производственным строительным объектам и их помещениям.

Подпунктом 2) пункта 3 статьи 135 данного Кодекса предусмотрено, что обеспечение доступа для маломобильных групп населения подтверждается центральным исполнительным органом в сфере социальной защиты населения, путём подписания пункта 13 Декларации о соответствии, утвержденной приказом Министра промышленности и строительства Республики Казахстан  от 29 мая 2026 г. № 268.

В целях подписания пункта 13 Декларации о соответствии, TOO «Зерттеу» являющегося подрядчиком объекта «Капитальный ремонт здания главного корпуса и здания пищеблока Чкаловской врачебной амбулатории КГП на ПХВ "Тайыншинская многопрофильная межрайонная больница" КГУ "Управление здравоохранения акимата Северо-Казахстанской области», расположенного по адресу: СКО, Тайыншинский район, с. Чкалово, пер. Больничный,1, было подано обращение в Департамент Комитета регулирования и контроля в сфере социальной защиты населения по Северо-Казахстанской области.

Сегодня, 16 октября 2026 года специалистами отдела по контролю в сфере социальной защиты населения был осуществлен выезд на вышеуказанный объект для проведения обследования по обеспечению доступа для маломобильных групп населения. По результатам обследования было установлено, что данный объект адаптирован частично, т.е. доступ обеспечен не для всех категорий лиц с инвалидностью. По результатам обследования будет выдано заключение об отказе в подписании Декларации соответствия. После устранения всех выявленных замечаний, согласно нормам АППК РК подрядчик вправе вновь подать обращение о подписании Декларации соответствия.

 

https://www.instagram.com/reel/DeyUIhDoV63/?utm_source=ig_web_copy_link&cplk=MzRlODBiNWFlZA==&srtk=MzRlODBiNWFlZA==

21 октября 2026
Департамент басшысының семинар-кеңеске қатысуы.

Бүгін Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау Комитетінің СҚО бойынша департаментінің басшысы Гүлбахыт Кәкімқызы Манабаеваның, СҚО әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы және «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ СҚО бойынша филиалының өкілдерімен бірлесіп әлеуметтік қолдаудың жекелеген шараларын тағайындаудың жаңа тәсілдері бойынша кеңес өткізілді.
Кездесу барысында отбасылардың тұрмыс жағдайын бағалау, әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтарды анықтау және көмек көрсетуді жақсарту мәселелері талқыланды.

21 октября 2026
Мемлекеттің қолдауымен 10 мыңнан астам мүгедектігі бар қазақстандық жұмыспен қамтылды

Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамтуға қолдау көрсету жалғасуда. Жыл басынан бері мемлекет ұсынған жұмыспен қамту шараларының көмегімен 10,8 мың адам жұмысқа орналасқан.

2026 жылдың 1 қазандағы мәлімет бойынша, жұмысқа орналасуға көмек сұрап, мансап орталықтарына 29,5 мың мүгедектігі бар азамат жүгінген. Олардың 18,2 мыңы жұмыспен қамтуға бағытталған белсенді шараларға қатысқан.

Нәтижесінде 10,8 мың адам жұмысқа орналасты. Оның 5,1 мыңы тұрақты жұмыс тапса, 5,4 мыңы мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарына орналасқан. Атап айтқанда, 4 264 адам қоғамдық жұмыстарға, 367 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 495 адам «Жастар практикасы» бағдарламасына, ал 499 адам «Күміс жас» жобасына қатысу арқылы жұмысқа орналасқан.

Мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамтуды қолдаудың негізгі тетіктерінің бірі жұмыс орындарына квота белгілеу. Әлеуметтік кодекске сәйкес, 50 және одан да көп адам жұмыс істейтін ұйымдарға қызметкерлердің жалпы санының 2-4 пайызы көлемінде квота белгіленеді. Бұл ретте ауыр, зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыс орындары есепке алынбайды.

2026 жылы мүгедектігі бар 16 706 адамды жұмысқа орналастыруға арналған квота белгіленді. Биылғы екінші тоқсанның қорытындысы бойынша осы квота аясында елімізде шамамен 6,2 мың адам жұмысқа орналасқан.

Салыстыру үшін айтсақ, 2025 жылы белгіленген 16 719 жұмыс орнының 8,1 мыңы қамтылып, квота бойынша жұмысқа орналастыру көрсеткіші 48 пайызды құрады.

Сонымен қатар әр адамның жеке қажеттілігіне сай арнайы жұмыс орындарын ашуға көңіл бөлініп отыр. 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша осындай 47 жұмыс орны ашылған. Оның 25-і есту қабілеті бұзылған адамдарға, 12-сі көру қабілеті бұзылған азаматтарға, тағы 10-ы тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдарға арналған.

Арнайы жұмыс орындарын ашқан жұмыс берушілерге де мемлекет қолдау көрсетеді. Атап айтқанда, жұмысқа орналасқан мүгедектігі бар азаматтардың жалақысын субсидиялау қарастырылған. 2026 жылғы 1 қазандағы мәлімет бойынша, мұндай субсидия 235 қызметкерге төленген. Оның 19-ы 2026 жылы, 105-і 2025 жылы, 111-і 2024 жылы жұмысқа орналасқан.

Бұдан бөлек, мемлекет мүгедектігі бар азаматтарға жаңа мамандық меңгеруге және өз кәсібін ашуға да көмектеседі.

Жыл басынан бері 243 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өтті.

«Бастау Бизнес» жобасы аясында 3 639 адам кәсіпкерлік негіздерін үйренді. Олардың 2 375-і тиісті сертификат алды. Сонымен қатар 2 951 адам онлайн оқуға қатысып, оның 2 265-і оқуын сәтті аяқтап, сертификатқа ие болды.

Ал 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 578 мүгедектігі бар азамат жаңа бизнес-идеяларын жүзеге асыру үшін мемлекеттік грант алды. Бұл қолдау азаматтарға өз ісін ашып, кәсіпкерлік қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.

Жалпы, Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамту үшін бірнеше қолдау тетігі қарастырылған. Олардың қатарында мансап орталықтары арқылы жұмыс іздеу, квота бойынша жұмысқа орналасу, арнайы жұмыс орындарын ашу, кәсіптік оқыту, жалақыны субсидиялау, қайтарымсыз гранттар беру және жастарға микрокредит ұсыну бар. Сонымен бірге азаматтар жұмыс іздеп, өз бетінше де жұмысқа орналаса алады.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектігі бар азаматтардың жұмысқа орналасу мүмкіндігін кеңейту, кәсіби дағдыларын дамыту және әр адамның еңбек етуіне жағдай жасау бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.

21 октября 2026
Зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмыскерлерге арнаулы әлеуметтік төлемдер.

Сұрақ: Зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлерге арнап арнайы әлеуметтік төлем қандай жағдайларда тағайындалады?

Жауап: Арнайы әлеуметтік төлемді тағайындаудың міндетті шарттары — 55 жасқа толған болу және кемінде жеті жыл бойы міндетті кәсіби зейнетақы жарналарының болуы.

Сұрақ: Зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлерге арнаған арнайы әлеуметтік төлем неше жасқа дейін төленеді?

Жауап: Қызметкер зейнеткерлік жасқа толғанға дейін Арнаулы әлеуметтік  жәрдемақыны ала алады. Зейнетақы тағайындалғаннан кейін төлемдер тоқтатылады.

Сұрақ: Бұл жәрдемақы қандай төлемдерден тұрады?

Жауап: Арнаулы әлеуметтік төлем тағайындаудың негізгі шарттары елу бес жасқа толған және олар үшін жиынтығында кемінде сексен төрт ай міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген кезде және зиянды жұмыстарда істейтін жұмыскер еңбек қызметін тоқтатқан немесе зиянды өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын басқа жұмысқа ауысқан жағдайда:

  • Республикалық бюджеттен екі ең төменгі күнкөріс деңгейі (бұдан әрі- (ЕТКД) мөлшерінде арнайы кәсіптік жәрдемақы немесе биылғы жылы 101 702тг
  • Өмірді сақтандыру компанияларынан (ӨСК) бір ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде немесе 50581 тг
  • Жұмыс берушілердің қаражаты есебіненбір ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде немесе 50581 тг
  • Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемінен тұратын арнаулы әлеуметтік төлемге құқығы болады

 

https://www.instagram.com/reel/DeyU5EAocCI/?utm_source=ig_web_copy_link&cplk=MzRlODBiNWFlZA==&srtk=MzRlODBiNWFlZA==

20 октября 2026
Шал Акын және Г.Мүсірепов атындағы аудандарда әлеуметтік қолдау шараларын ұсынудың жаңа тәсілдері талқыланды.

Кездесу барысында отбасылардың материалдық жағдайы мен әл-ауқатын бағалаудың негізгі тәсілдері, әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтар санаттарын айқындау, сондай-ақ көрсетілетін әлеуметтік қолдаудың атаулылығын арттыру мәселелері қаралды. Әрбір отбасының өмірлік жағдайын объективті бағалауға, мемлекеттік қолдауға нақты қажеттілікті анықтауға назар аударылды.

Қатысушыларға әлеуметтік төлемдерді оңтайландырудың мақсаттары мен міндеттері түсіндірілді. Атап айтқанда, әлеуметтік қолдау шараларының тиімділігін арттыру, мемлекеттік көмекті шынымен мұқтаж азаматтар үшін қолжетімді ету, сондай-ақ отбасылардың жеке жағдайлары мен табыс деңгейін ескере отырып, әлеуметтік көмек көрсету тәсілдерін жетілдіру мәселелері қамтылды.

Жүргізілген түсіндіру жұмыстары халықтың әлеуметтік қолдау көрсету қағидаттары туралы хабардарлығын арттыруға, мұқтаждық өлшемшарттарын түсіндіруге және әлеуметтік төлемдерді тағайындау тетіктерінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған.

20 октября 2026
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын сақтау бойынша атқарылған жұмыстар туралы

Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттарын, мінез-құлық қағидаттарын және қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға бағытталған талаптарды белгілейді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін департамент ғимаратында мемлекеттік қызмет көрсетілетін барлық кабинеттерде аудио жазу құрылғысы бар бейнекамералар орнатылған.

2026 жылға арналған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу және ескерту жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді және департаменттің ресми сайтында орналасқан.

Департаменттің барлық әлеуметтік парақшаларында және сайтында департамент басшылығының қабылдау кестесі, «Сенім телефоны», қызметкерлердің байланыс деректері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жоспары орналастырылған.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес жұмысындағы жариялылықты қамтамасыз ету және халықты сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға бағытталған қабылданған шаралар туралы хабардар ету үшін департаменттің веб-сайты, «Фейсбук» (https://www.facebook.com/depsocsko), «Инстаграм» (@sko_enbek) әлеуметтік желілердегі аккаунттары кеңінен пайдаланылады, онда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оның алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы ақпараттық материалдар, департамент басшылығының, Этика жөніндегі уәкілетті адамның азаматтарды қабылдау кестесі, Мемлекеттік қызмет агенттігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған бейнероликтері, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттері тұрақты негізде орналастырылып тұрады.

2026 жылдың 3-тоқсанында интернет-ресурстарда 18 ақпараттық-түсіндіру материалы орналастырылды. Департаментте мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мәселелері бойынша 8 семинар өткізілді (оның ішінде 3 семинар Мемлекеттік қызметтер істері агенттігінің департаменті өкілімен өткізілді). Ағымдағы жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша департаментте мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасау фактілері тіркелген жоқ.

Әдеп кодексінің талаптарына сәйкес, мемлекеттік қызметшілер қызметтік міндеттерін адал әрі сапалы орындауға, азаматтармен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға, қызметтік тәртіпті сақтауға, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің белеіне нұқсан келтіретін әрекеттерге жол бермеуге міндетті.

https://www.instagram.com/reel/DetwNtEI56Z/?utm_source=ig_web_copy_link&obrf=MzRlODBiNWFlZA==&srtk=MzRlODBiNWFlZA==

20 октября 2026
Халыққа қызмет ету — жүрек таңдауы

Әлеуметтік сала — адам тағдырына бейжай қарамайтын, мейірім мен жанашырлықты, жауапкершілік пен адалдықты талап ететін ерекше сала. Бұл бағытта ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, халықтың алғысына бөленген жандардың өмір жолы — кейінгі ұрпаққа өнеге. Осындай құрметке лайық жандардың бірі Департаментіміздің зейнеткері— Әлішева Зураш Мақұмқызы.

Зураш Мақұмқызы Қорған мемлекеттік университетін тәмамдағаннан кейін, 1975 жылы сол кездегі Московский аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінде еңбек жолын бастады. Осылайша оның халыққа қызмет етуге арналған ұзақ та мағыналы еңбек жолы бастау алды.

Қызмет еткен жылдары ол өз ісіне деген адалдығымен, жауапкершілігімен және кәсіби біліктілігімен ерекшеленді. Әлеуметтік саладағы жұмыс тек құжаттармен және есеп-қисаппен шектелмейді. Оның артында әр адамның тағдыры, отбасының үміті, қолдауға мұқтаж жандардың өтініші тұрады. Зураш Мақұмқызы осы жауапкершілікті терең сезініп, өз міндетін әрдайым абыроймен атқарды.

1997 жылы ол Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаментінің жетекші маманы қызметіне ауысып, кейін бас маман лауазымында еңбек етті. Жылдар бойы жинақтаған тәжірибесі мен кәсіби білімі оның жауапты қызметін нәтижелі атқаруына негіз болды.

Қырық жыл — бір адамның еңбек жолындағы тұтас бір дәуір. Осы уақыт ішінде Зураш Мақұмқызы әлеуметтік қорғау саласының дамуына өз үлесін қосып, азаматтардың әлеуметтік мәселелерін шешуге, зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау бағытындағы жұмыстарға атсалысты. Оның еңбек жолы —әлеуметтік салада еңбек етіп жүрген бүгінгі мамандарға шабыт беріп, еңбе еңбектің қадірін түсінетін жас ұрпаққа өнеге болары сөзсіз.

Медициналық-әлеуметтік сараптама
20 октября 2026
Сырттай проактивті куәландыру кезіндегі нозологиялар.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығымен бекітілген медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес, "сырттай проактивті куәландыру (қайта куәландыру) жүргізілетін нозологиялық нысандардың тізбесі"медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына 15-қосымшаға сәйкес. Сырттай проактивті куәландыруға мынадай аурулар мен жай-күйлер жатады:

* онкологиялық аурулар

* туберкулез

* Ересектердегі қанайналым жүйесінің аурулары-цереброваскулярлық аурулардың салдары: айқын гемипарез немесе гемиплегия, трипарез немесе триплегия, тетрапарез немесе тетраплегия, тамырлы деменция асқынған ми қан айналымының жедел бұзылыстары

* Психикалық аурулар, соның ішінде ақыл-ой кемістігі, балалар аутизмі

* аяқ-қолдың ампутациясы

* Терминальды созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар ересектердегі зәр шығару жүйесінің аурулары

* Балалардағы 1 типті қант диабеті

* Балалардағы Мукополисахаридоз

* Туа біткен және жүре пайда болған қайтымсыз ақаулар

* Омыртқа жарақаттарының салдарынан жұлынның толық анатомиялық үзілісі, клиникалық-неврологиялық статус деректерімен және қайта куәландыру кезінде аспаптық тексеру әдістерімен расталған

* Даун синдромы (ауруы)

* Мүшелерді (жүрек, өкпе, бауыр, бүйрек, ұйқы безі) трансплантациялаудан кейінгі немесе сол жақ жасанды жүрек қарыншасын (LVAD) имплантациялаудан немесе толық жасанды жүрек имплантациясынан (BIVAD) кейінгі жағдай

* Бала-Пью критерийлері бойынша бауыр циррозының ауыр түрлері, С класы

* Қан аурулары: апластикалық анемия, миелодиспластикалық синдром, иммундық тромбоцитопениялық пурпура, бірнеше миелома

* Туа біткен және жүре пайда болған анофтальм. Екі жақты анофтальм, туа біткен қарапайым көз алмалары

* Алапес

* Паркинсон ауруы, Хен-Яр бойынша 5 дәреже

* Бас сүйегінің көлемінің ұлғаюымен және гипертензия синдромымен шынайы гидроцефалия, ошақты неврологиялық симптоматикасыз тұрақты өтемақыға дейін операцияланған гидроцефалия ("Вентрикулоперетониялық шунттау" операциясынан кейінгі жағдай)

* Бір немесе одан да көп аяқ-қолдардың тұрақты айқын параличтері немесе терең парездері, айқын гипотония және бұлшықет әлсіздігі, тұрақты жалпыланған гиперкинездер (Қос атетоз, хореоатетоз түрі), айқын үйлестіру бұзылыстары.

https://www.instagram.com/reel/DetsRJPoO61/?utm_source=ig_web_copy_link&xtok=MzRlODBiNWFlZA==&srtk=MzRlODBiNWFlZA==

20 октября 2026
Қазақстанда қандай мамандарға сұраныс жоғары?

Қазақстанда білікті мамандарға деген сұраныс жоғары деңгейде сақталып отыр. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйелеріндегі деректерге сәйкес, кадр тапшылығы әсіресе денсаулық сақтау саласында, сондай-ақ жекелеген жұмысшы, техникалық және инженерлік мамандықтар бойынша байқалады. Сонымен қатар өнеркәсіптің, цифрлық технологиялардың және инфрақұрылымның дамуы азаматтарды жұмыспен қамтуға және кәсіби тұрғыдан өсуіне жаңа мүмкіндіктер ашып отыр.

Биыл маман тапшылығы айқын байқалған салалардың бірі – денсаулық сақтау. Мәселен, акушер-гинекологтарға арналған 469 бос жұмыс орнына небәрі 100 түйіндеме, педиатрлардың 448 бос орнына 139 түйіндеме, ал анестезиолог-реаниматологтардың 300 бос орнына 75 түйіндеме ғана тіркелген. Онколог, неонатолог және эндокринолог мамандарына да сұраныс жоғары.

Сонымен қатар жұмысшы мамандықтарының өкілдеріне де сұраныс сақталып отыр. Жұмыс берушілерге білікті электриктер, механиктер, слесарьлар, дәнекерлеушілер, машинистер, жабдық операторлары, құрылысшылар мен жүргізушілер қажет. Осы орайда инженерлер мен өндірістік процестерді автоматтандыру жөніндегі мамандарға да қажеттілік артуда.

Бұл мамандарға сұраныс өнеркәсіптің дамуына, жаңа нысандардың салынуына, кәсіпорындардың жаңғыртылуына, көлік және энергетикалық инфрақұрылымның кеңеюіне байланысты. Қазіргі жұмыс берушілерден кәсіби біліктілікпен қатар заманауи технологияларды меңгеру де талап етіледі.

Сұраныс жоғары тағы бір бағыт – цифрлық технологиялар саласы. Еңбек нарығында бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеушілер, қолданбалы бағдарламаларды жасаушылар және басқа да IT-мамандар қажет. Автоматтандыру мен жасанды интеллектіні енгізу кәсіби қызметінде цифрлық құралдарды тиімді пайдалана алатын мамандарға деген сұранысты арттырып отыр.

Ұзақ мерзімді болжамға сәйкес, 2035 жылға дейін Қазақстан экономикасына 2,9 млн маман қажет болады. Оның жартысынан астамына деген сұраныс жұмысшы кәсіптеріне тиесілі. Бұл экономиканы білікті кадрлармен қамтамасыз етуде техникалық және кәсіптік білім берудің маңызы артып келе жатқанын көрсетеді.

Еңбек нарығының қажеттіліктеріне сай кадрларды алдын ала даярлау мақсатында 2026 жылы ең сұранысқа ие мамандықтар тізімі 51-ден 174-ке дейін кеңейтілді. Тізімге инженерия, құрылыс, өңдеу өнеркәсібі, биотехнология, жасыл және атом энергетикасы бағыттары енгізілді.

Сонымен қатар мамандарды жұмыс берушілермен бірлесіп даярлау жүйесі дамып келеді. ҚР Үкіметінің деректеріне сәйкес, бүгінде дуальды оқыту жүйесімен 552 колледждің 138 мың студенті қамтылған. Кадр даярлау процесіне шамамен 11 мың кәсіпорын қатысады. Бұдан бөлек, 43 мың студент жұмыс берушілердің нысаналы тапсырысы бойынша білім алып жатыр.

Мұндай оқыту форматы студенттерге кәсіпорындарда тікелей тәжірибе жинақтауға, болашақ мамандығымен танысуға және оқуын аяқтағаннан кейін жұмысқа орналасу мүмкіндігін арттыруға жол ашады.

Сонымен бірге жаңа мамандық меңгергісі немесе біліктілігін арттырғысы келетін азаматтар қысқа мерзімді кәсіптік оқыту және қайта даярлау бағдарламаларын пайдалана алады. Олардың қатарында жұмыс берушілер сұранысына ие бағыттар бойынша білім алу мүмкіндіктері де бар.

Жалпы, еңбек нарығындағы жағдай кадр тапшылығы еңбек ресурстарының жалпы жетіспеушілігінен гөрі, қолда бар біліктіліктердің экономика қажеттіліктеріне сәйкес келмеуімен байланысты екенін көрсетеді. Сондықтан сұранысқа ие бағыттар бойынша мамандар даярлау, практикалық дағдыларды дамыту және білім беру ұйымдарының жұмыс берушілермен өзара байланысын нығайту ерекше маңызға ие.

Кадрларға деген қажеттілікті болжау болашағы бар мамандықтарды алдын ала айқындауға, білім беру бағдарламаларын жетілдіруге және азаматтарға мамандық таңдау немесе кәсіби бағытын өзгерту кезінде саналы шешім қабылдауға көмектеседі.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы