
Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының тапсырмасы, Петропавл қаласы прокурорының м.а. 07.09.2020 жылғы қаулысы негізінде Солтүстік Қазақстан облысының балалар үйлерінде, коррекциялық мектептерінде және балалар медициналық-әлеуметтік мекемелерінде балалардың («Петропавл балалар әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ), жетім балалардың және ата-аналарының қамқорлықтарынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау және мүдделерін қорғау саласында 09.09.2020 ж.бастап 08.10.2020 ж.аралығында заңдылықты тексеру жүргізіліп жатыр.
Аталған тексеріске департаменттің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы Г.Л. Габдуллина, №2 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы Б.Қ. Қожағұлова және №2 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы А.С. Қошманова қатысуға тартылды.
Тексерістер барысында арнайы әлеуметтік қызмет көрсету, соның ішінде әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық қызмет көрсетулер, сондай-ақ қызмет алушылардың жеке бақылау шоттары, объектіге қол жетімді мәселелері қаралып жатыр.
Департамент қызметкерлері сонымен бірге Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Вице-министрі Е.М. Әукенов тапсырған хаттамалық 22 ұсыныстардың орындалуын бақылауда.