«Бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы түріндегі ақшалай төлемдер» мемлекеттік қызмет туралы

«Бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы түріндегі ақшалай төлемдер»  мемлекеттік қызмет туралы

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы N 63 Заңына сәйкес туған, асырап алған, сондай-ақ қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алған балалары бар отбасылардың бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы түріндегі ақшалай төлемдер алуға құқығы бар.

Осы  жәрдемақыны алуға бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асыратын өзге жеке тұлғалардың да құқығы бар.

Бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақы бала кезінен бірінші топтағы мүгедек немесе оның заңды өкілі өтініш жасаған күннен бастап бала кезінен бірінші топтағы мүгедектік белгіленген бүкіл кезеңге уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен тағайындалады және төленеді.

     Отбасында екі және одан көп бала кезінен бірінші топтағы мүгедек тұрып жатқан жағдайда, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы олардың әрқайсысына тағайындалады және төленеді.

     Бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтімді бірнеше адам жүзеге асырған жағдайда, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы осы адамдардың біреуіне тағайындалады және төленеді.

     Бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асыру:

    1) күтімді жүзеге асыратын адам мен бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің бір елді мекенде бірге тұруын;

   2) қанағаттандыру қажеттігі тәулігіне бір және бір реттен көп туындайтын бір немесе бірнеше реттелмейтін зәру қажеттілікті орындау үшін (жеке гигиенаны сақтауда, киіну, тамақ ішу, физиологиялық қажеттерін орындау, тұратын жерінен межелі пунктке дейін және қайтар жолда алып жүру және басқалар кезінде) күтімді жүзеге асыратын адамның бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке көмегін көздейді.

       Бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы:

    1) кәмелетке толмаған;

    2) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған;

    3) психиатриялық және (немесе) наркологиялық диспансерде есепте тұратын адамдарға тағайындалмайды.