10 тамызда ұлтымыздың ұлы ақыны, ойшыл тұлғасы Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толды.

10 тамызда ұлтымыздың ұлы ақыны, ойшыл тұлғасы Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толды.

Биылғы жылдың 10-шы тамызында қазақтың біртуар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл композитор, қоғам қайраткері, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы және оның алғашқы классигі Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толды.

Бұл күн Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 4 тамыздағы Қаулысымен мейрам күндердің тізбесіне қосылып, Абай күні болып белгіленді.

ҚР Президентінің қаулысымен 2020 жыл қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына дайындық жылы болып бекітілді. Осыған орай «Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің СҚО бойынша департаменті» РММ-де ағымдағы жылдың 27 ақпанында ұлы Абайға арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Аталған іс-шарада ақынның өлеңдері мәнерлеп оқылып, «Көзімнің қарасы» әні айтылды. Сонымен қатар, данышпан ақынымыздың өмір-баянына қатысты қызықты викторина ойыны өткізілді.

Бүгін Департамент ұжымы осы атаулы күнді атап өтті. Бүкіл әлемдік індетке байланысты карантиндік шектеулер іс-шараның тиісті түрде жүзеге асуына өз әсерін тигізді. Алайда іс-шара онлайн және бейне жазба форматында өкізілді.