
24 шілде сағат 18.00-дегі жағдай бойынша COVID-19-пен күреске тартылған 112 медицина қызметкеріне Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) коронавирустық инфекцияны немесе вирустық пневмонияны жұқтыруына байланысты 2 млн. теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік төлем тағайындалды. Ақшалай қаражат қазірдің өзінде 73 медицина қызметкеріне аударылды, тағы 39-ына төлемге жіберілді.
Жоғарыда көрсетілген төлемақы алуға құқығы бар медицина қызметкерлерін облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың денсаулық сақтау басқармаларындағы арнайы комиссиялар ауру жұқтыруын тексеру нәтижелері бойынша анықтайды. Барлық өтінімдерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі – ДСМ) жинақтайды.
Толығырақ: https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/112-medrabotnikam-naznachena-edinovremennaya-vyplata-v-svyazi-s-zarazheniem-covid-19?lang=kk