Б.Нұрымбетов «42 500 теңге» біржолғы төлемді тағайындау қағидаларын түсіндірді

Б.Нұрымбетов «42 500 теңге» біржолғы төлемді тағайындау қағидаларын түсіндірді

Қатаң карантиндік шектеу шараларының енгізілуіне байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) біржолғы төлемді кім ала алады? Оны тағайындауға өтінішті қалай беруге болады, оларды қабылдау қанша уақытқа созылады? Төлем проактивті форматта кімге тағайындалады? Осы және өзге де сұрақтарға ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов жауап берді.

Өз сөзінде Еңбекминінің басшысы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2020 жылдың шілде айында карантиндік шаралардың енгізілуіне байланысты жұмыс істеп жатқан қазақстандықтарға табысы толық жоғалған жағдайда бір ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем (бұдан әрі – төлем) жүзеге асырылатынын еске салды.

толығырық:https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/b-nurymbetov-razyasnil-pravila-naznacheniya-edinovremennoy-vyplaty-42-500-tenge?lang=kk