
2024 жылдың 26 маусымында «Зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін және 2019 жылғы 20 желтоқсанындағы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісім шеңберінде Ресей Федерациясынан келіп түскен сұраныстар бойынша Архивтік анықтамалар беру» тақырыбында «СҚО әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архиві» КММ-де дөңгелек үстел өткізілді, оған зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы Б.Қ. Қожағұлова және аудандық архив филиалдарының қызметкерлері қатысты.
Аталған іс-шара мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында өткізілді.
Б.Қ. Қожағұлова барлық келіп түскен сұрақтарға толық жауап берді.