28,8 мыңнан астам қазақстандықтың мүгедектігі автоматты түрде ұзартылды

28,8 мыңнан астам қазақстандықтың мүгедектігі автоматты түрде ұзартылды

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектік мерзімін автоматты түрде 3 айға ұзарту туралы бұйрық қабылдады. Бүгінгі күні 28 867 азаматқа мүгедектік мерзімі ұзартылды.

Бұл шара мемлекеттік мекемелерде адамдардың жаппай жиналуының алдын алуға және азаматтардың коронавирустық инфекцияны жұқтыру қаупін азайтуға бағытталған.

толығырақ:https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/bolee-288-tys-kazahstancam-avtomaticheski-prodlili-invalidnost?lang=kk