
2020 жылдың 6 айында халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімі «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының сақталуына 32 тексеріс жүргізді, оның 19-ы профилактикалық бақылау, 13-і жоспардан тыс тексерулер.
Тексерістер нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар мен оларды жою мерзімдері көрсетілген субъектілерге 25 ұйғарым берілді.
Объектіге қол жетімді жағдай жасамағы үшін бір заңды тұлға Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 83-бабы бойынша айыппұл төлеу түрінде 1,111,200 теңге соммасында әкімшілік жазаға тартылды.
2020 жылғы 29 мамырда облыс әкімінің орынбасары мүгедектердің инфрақұрылымға қол жетімділігі туралы ақпараттық-хабарлау медиа-жоспарын бекітті. Осы Медиа-жоспарға сәйкес департамент келесі жұмыстарды жүргізді: