Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігнің Әдеп жөніндегі уәкілінің түсіндірме жұмысы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігнің Әдеп жөніндегі уәкілінің түсіндірме жұмысы

2020 жылғы 11 маусымда Әдеп жөніндегі уәкілі - Г.Л. Габдуллина мемлекеттік қызметшілер арасында қызмет этикасын бұзушылықтың алдын-алу мақсатында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Гүлжахан Нұрасылқызы Үсенованың түсіндірме жұмысын онлайн режимінде өткізуін ұйымдастырды.

Үсенова Г.Н. өзінің баяндамасында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының, Әдеп кодексінің, қызмет алушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қатаң сақтау қажеттілігі туралы, сондай-ақ аумақтық департаменттердің әдеп жөніндегі уәкілдерінің түсіндірме жұмыстарын өткізуі бойынша, жеке консультативтік көмек көрсету бойынша, мүдделер қағдысының алдын-алу және реттеу бойынша қабылданған шаралар бойынша қызметтерінде жақсы жақтарын толығымен атап өтті.

Әдеп жөніндегі уәкілдерінің мемлекеттік қызметшілердің оңды имиджін құру, мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау және қалпына келтіру, олардың халықпен байланысын қалыптастыру бойынша жұмыстарын күшейтуіне аса көңіл бөлінді.

Әдеп жөніндегі уәкілі мемлекеттік қызметшілерді жемқорлықпен күресуге, заңмен белгіленген шектеулерді ұстануға, мемлекеттік қызметтің ілгері имиджін нығайтуға шақырды.