Адалдық алаңы - Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті

Адалдық алаңы - Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті

«Адалдық алаңы» жобалық кеңсе шеңберінде «Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ ғимаратында көрнекті және қол жетімді жерде «Адалдық алаңы» стендісі орнатылды.

Аталған жобаның міндеті – барлық іс-қимылды азаматтардың мүдделері мен мұқтаждықтарына бағыттап, сол арқылы олардың әл-ауқатын арттыру жолымен мемлекеттік органдардың жұмысын қайта жүктеу, мақсаты – мемлекеттік мекемелерде қолайлы жағдайлар жасау, олардың қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету, қызметтер алуды оңтайландыру, қолжетімділігін арттыру, тұрмыстық жемқорлықты жою.

Жобалық кеңес ақпараттың жалпыға ортақ арналары арқылы бұзушылықтар туралы мәліметтерді жинайды, ұсыныстарды әзірлеп уәкілетті мемлекеттік органдарға бағыттап, оларды қоғамдық бақылауға алады.