Серік Шәпкенов ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды

Серік Шәпкенов ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды

ҚР Үкіметінің Қаулысымен Серік Жамбылұлы Шәпкенов ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Серік Шәпкенов 1979 жылы Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауылында туған. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «экономист-математик» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2000 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқытушы болып бастады. Түрлі жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты құрылымында жұмыс істеді.

Толығырақ:https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/serik-shapkenov-naznachen-vice-ministrom-truda-i-socialnoy-zashchity-naseleniya-rk?lang=kk