
2023 жылдың 9 қаңтарда облыстың ақпараттық топ құрамы - Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Г. Манабаева, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары А. Көшербаев, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының өкілі Ж.Толекеева Айыртау ауданындағы кәсіпорындардың өкілдері мен қызметкерлеріне «Зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлерді әлеуметтік қамсыздандыруды жетілдіру» тақырыбы бойынша еңбек ұжымына ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Ақпараттық-түсіндіру жұмысы барысында ақпараттық топ өкілдері кәсіпорын қызметкерлерінің сұрақтарына толық жауаптар берді.