
Жылдың басынан бастап халықты әлеуметтік қорғау бойынша бақылау бөлімімен 24 тексеріс (2019 ж.-15), оның ішінде 13 профилактикалық тексеріс (2019 ж.- 7) және 11 жоспардан тыс (2019 ж. – 8) «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заңының сақталуына тексерістер жүргізілді.
Тексеріс қорытындылары бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің мамандарымен анықталған бұзышылықтарды және орындау мерзімдері көрсетілген 16 ұсыным (2019 ж. – 12) берілді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Жарлығы негізінде, Қазақстан Республикасының барлық аймақтарында төтенше жағдай енгізілді. Осыған байланысты, тексерістерді жүргізу уақытша тоқтатылды, ТЖ режимінің аяқталуы бойынша мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жалғастырылатын болады.