Сырттай форматта мүгедектікті айқындау

Сырттай форматта мүгедектікті айқындау

«Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің СҚО бойынша департаменті» РММ-нің медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің мамандарымен 2020 жылдың 30 наурызынан бастап 4 күн ішінде облыстың 37 тұрғынына Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2020 жылғы 25 наурызындағы №109 бұйрығына сәйкес сырттай форматта келесі мемлекеттік қызметтер көрсетілді: мүгедектікті айқындау, жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін айқындау, мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын қалыптастыру.