
2023 жылдың қаңтар – ақпан айлары аралығында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша республикалық бюджеттен мүгедектік бойынша жәрдемақы төлеуге 1,9 млрд. теңгеден астам, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақыға 500 млн. теңгеден астам қаражат жұмсалды.
2023 жылғы ақпан айында республикалық бюджеттен әлеуметтік төлемдерге 1,2 млрд. теңгеден астам, оның ішінде мүгедектігі бойынша жәрдемақы төлеуге 963 млн. теңгеден астам, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақыға 255 млн.теңге қаражат жұмсалды.
2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны 16,8 мыңнан астам адамды, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 5,7 мыңнан астам адамды құрайды.