
Департаменттің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің мамандары «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Кладбинка селолық округі әкімінің аппараты» КММ-де берілген ұйғарымның орындалуын бақылау мақсатында жоспардан тыс тексеріс жүргізді.
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің мамандарымен тексеріс жүргізу кезінде мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңнамасының халықтың аз қозғалатын топтарына арналған объектілердің қол жетімділігі бөлігінде түсіндірме жұмыстары өткізілді.