
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, өтініш негізінде қозғалған әкімшілік рәсімнің мерзімі өтініш түскен күннен бастап он бес жұмыс күнін құрайды.
Өтініш негізінде қозғалған әкімшілік рәсімнің мерзімі ол қозғалған кезден бастап есептеледі.
Өтініш негізінде қозғалған әкімшілік рәсімнің мерзімі әкімшілік орган басшысының немесе оның орынбасарының дәлелді шешімімен қисынды мерзімге, бірақ әкімшілік істі дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мән-жайларды анықтау қажеттілігіне байланысты екі айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, бұл туралы Әкімшілік рәсімге қатысушыға мерзім ұзартылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарланады.
Әкімшілік рәсімнің мерзімін негізсіз ұзартқаны үшін шешім қабылдауға уәкілетті адам Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртіптік және өзге де жауаптылықта болады.