Профилактикалық бақылау жүргізу

Профилактикалық бақылау жүргізу

2022 жылдың 2-жартыжылдығына арналған объектілерді профилактикалық бақылау тізімі негізінде департаменттің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің мамандары «№3 қалалық емханасы» ШЖҚ КММ-де және «Ескендір  Дәуітов атындағы Петропавл қаласының қызмет көрсету саласының колледжі» КММ-де профилактикалық бақылау жүргізді.

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің мамандарымен профилактикалық бақылау жүргізу кезінде мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңнамасының халықтың аз қозғалатын топтарына арналған объектілердің қол жетімділігі бөлігінде түсіндірме жұмыстары өткізілді.

Профилактикалық бақылаудың негізгі мақсаты – осы аталған объектілермен мүгедектігі бар тұлғаларға және халықтың аз қозғалатын топтарына объектілердің қол жетімділігі бөлігінде мүгедектерді әлеуметтік қорғау заңнамасының сақталуы.