97 мыңнан астам отбасы АӘК тағайындауға құжат тапсырды

97 мыңнан астам отбасы АӘК тағайындауға құжат тапсырды

2020 жылғы 3 ақпандағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) тағайындауға өтініш 97,5 мың отбасынан қабылданды, оның құрамына 504,3 мың адам кіреді, оның ішінде 323,4 мыңы бала.

Өңірлер бөлінісінде өтініштердің ең көп саны Түркістан облысында – 20,3 мың отбасы, Шымкент қаласында – 14,5 мың отбасы, Алматы облысында – 9,9 мың отбасы, Жамбыл облысында – 8,2 мың отбасы, Қызылорда облысында – 7,4 мың отбасы қабылданды.

Өңірлерде 2,6 мыңнан астам учаскелік комиссия жұмыс істейді. Олар жүргізген зерттеу нәтижелерін ескере отырып, АӘК 46,8 мың отбасыға немесе 236,5 мың адамға тағайындалды. АӘК тағайындауға өтініш берген отбасылардың материалдық жағдайын тексеру жұмыстары жалғасуда.

толығырақ: https://www.enbek.gov.kz/ru/node/365930 сайтында.