
2022 жылғы 7 сәуірінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, халықты әлеуметтік қорғау комитетінде (zoom арқылы) 2022 жылдың 1 тоқсанындағы қашықтықтан тексеру жұмыс қорытындылары бойынша кеңес өтті. Жиынға Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы М.Мұхамедияров, басшының медициналық-әлеуметтік сараптама жөніндегі орынбасары С.Алпысова, МӘС әдістеме және бақылау бөлімінің басшысы Е.Сугурова қатысты.