Профилактикалық бақылауды жүргізу

Профилактикалық бақылауды жүргізу

       2022 жылдың 1-жартыжылдығына арналған объектілерді профилактикалық бақылау тізімі негізінде департаменттің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің мамандары Петропавл қаласының әлеуметтік объектілерінде (Петропавл қаласының жұмыспен қамту орталығы, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты, Солтүстік Қазақстан облыстық жоғары медициналық колледжі) профилактикалық бақылау жүргізді.

       Профилактикалық бақылаудың негізгі мақсаты – осы аталған объектілермен мүгедектігі бар тұлғаларға және халықтың аз қозғалатын топтарына объектілердің қол жетімділігі бөлігінде мүгедектерді әлеуметтік қорғау заңнамасының сақталуы.