Мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттары

Мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттары

 Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет:

      -  заңдылық;

      - қазақстандық патриотизм;

     - мемлекеттiк биліктің заң шығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөлiнуiне қарамастан, мемлекеттiк қызмет жүйесiнiң бiртұтастығы;

      - азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерiнiң мемлекет мүдделерi алдындағы басымдығы;

      - мемлекеттік органдар қызметіндегі тиімділік, нәтижелілік, ашықтық;

      - азаматтардың мемлекеттiк қызметке қол жеткiзуге тең құқығы;

      - азаматтардың мемлекеттiк қызметке кiруiнiң ерiктiлiгi;

      - мемлекеттiк қызметшiлердiң кәсiбилiгi;

      - меритократия – мемлекеттік қызметшінің жеке сіңірген еңбектері мен жетістіктерін мойындау, оны қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызмет бабында ілгерілету қағидаттарына негізделеді.