
2021 жылдың 9 желтоқсанында Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кітапханада "Қазақстанның инновациялық дамуына 30 жыл: жетістіктері мен болашағы" атты дөңгелек үстел өтті. Басшының медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелері жөніндегі орынбасары С.Алпысова баяндама жасап, департаменттің Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерімен бөлісті, жаңа НҚА негізіндегі жұмыс, "Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" ҚР Заңының және "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" ҚР Заңының орындалуын бақылау жөніндегі іс-шаралар, "Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылуды белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау" проактивті сырттай мемлекеттік қызмет көрсетудің пилоттық жобасын іске асыру туралы айтып берді.