Ғ.Мүсірепов атындағы ауданында профилактикалық бақылауды жүргізу кезінде түсіндірме жұмыстарын өткізу

Ғ.Мүсірепов атындағы ауданында профилактикалық бақылауды  жүргізу кезінде түсіндірме жұмыстарын өткізу

2021 жылдың 2-жартыжылдығына арналған объектілерді профилактикалық бақылау тізімі негізінде департаменттің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің мамандары Ғ.Мүсірепов атындағы ауданы  объектілерінде профилактикалық бақылау жүргізді.

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің мамандарымен профилактикалық бақылау жүргізу кезінде мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңнамасының халықтың аз қозғалатын топтарына арналған объектілердің қол жетімділігі бөлігінде түсіндірме жұмыстары өткізілді.

Профилактикалық бақылаудың негізгі мақсаты – осы аталған объектілермен мүгедектігі бар тұлғаларға және халықтың аз қозғалатын топтарына объектілердің қол жетімділігі бөлігінде мүгедектерді әлеуметтік қорғау заңнамасының сақталуы.