
2021 жылдың 8 маусымында «Nur Otan» партиясының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының жанындағы жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік-әлжуаз топтарын қолдау жөніндегі кеңесінің отырысы келесі мәселелерді қарауымен өтті:
Аталған кеңеске Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы Г.Л. Габдуллина қатысып, «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңы талаптарының сақталуына жүргізілген тексерістер нәтижелері бойынша сөз сөйледі.
Кеңес отырысы барысында ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін жақсарту және бейімдеу, мүгедек мұқтаж адамдарды оңалтудың техникалық құралдарымен және қызметтерімен қамтамасыз ету бойынща мониторинг тобының жұмысы туралы мәселе қаралды және талқыланды.
Бүгінгі күні мониторинг тобымен облыстың 259 объектісінен 211 объект тексерілді, нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыныстар берілді.