
Ұйғарымның орындалуын бақылау мақсатында департаменттің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің мамандары Петропавл қаласының «Арман» Петропавл балалар әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-де жоспардан тыс тексеріс жүргізді.
Тексерістің негізгі мақсаты –профилактикалық бақылау жүргізу барысында берілген ұйғарымның орындалуын, сондай-ақ мүгедектігі бар тұлғаларға және халықтың аз қозғалатын топтарына объектінің қол жетімділігі бөлігінде мүгедектерді әлеуметтік қорғау заңнамасының сақталуын бақылау.