
2021 жылғы сәуірде облыс бойынша республикалық бюджеттен зейнетақы және әлеуметтік төлемдеріне 12 млрд. теңгеден астам қаражат жұмсалды.
2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Солтүстік Қазақстан облысы бойынша зейнеткерлер саны 103 мыңнан астам адамды құрады. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар саны 23181 адамды құраса, арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушылар саны 13855 адамды құрады.
2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері ( базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) 97529 теңгені құрады.