
ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалық етуімен бейнеконференция режимінде өткен әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссияның отырысында, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов, әлеуметтік шиеленістердің алдын алу және әлеуметтік-еңбек жанжалдарын шешу жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру барысы туралы айтты.
Шараға мүдделі орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің орынбасарлары, кәсіподақ ұйымдарының және жұмыс берушілер бірлестіктерінің өкілдері қатысты.
Толығырақ: https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/b-nurymbetov-proinformiroval-o-rabote-po-nedopushcheniyu-narusheniya-trudovyh-prav-rabotnikov-provedennoy-v-2020-godu?lang=kk