Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру түрінде құқыққа ие:
Бір мезгілде жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің тағайындалуына құқығы бар адамдарға олардың қалауы бойынша зейнетақы төлемдерінің осы түрлерінің біреуі тағайындалады.
Негізгі зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне (зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі – бұл 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілі және 1998 жылғы 1 қаңтардан кейінгі жинақтаушы зейнетақы жүйесіне нақты қатысу өтілі) және Күнкөріс деңгейіне байланысты.
Міндетті жарналарды төлеу кезеңі міндетті зейнетақы жарналарын аудару туралы орталықтандырылған деректер базасындағы мәліметтермен расталады.
Негізгі зейнетақы мөлшерін анықтау кезінде зейнеткерлік жасқа жеткен күнге дейінгі барлық еңбек өтілі ескеріледі.
Күнкөріс деңгейі жыл сайынғы өсуіне байланысты базалық зейнетақының мөлшері артады.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдан бастап 2027 жылға дейін ең төменгі базалық зейнетақының мөлшерін күнкөріс деңгейінің 54%-нан 70%-на дейін, ал ең жоғары мөлшерін 100%-дан 120%-ға дейін кезең-кезеңімен жеткізу жүргізілуде.
Осылайша, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жыл және одан аз болған не болмаған кезде ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 70 пайызы мөлшерінде, оның мөлшері зейнетақы жүйесіне қатысу өтілінің он жылдан асқан әрбір толық жылы үшін 2 пайызға ұлғайтыла отырып, бірақ республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 118 пайызынан аспайтын мөлшерде.
Жасына байланысты зейнетақы төлемі (ынтымақты) еңбек өтіліне (1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемінде 6 ай қажет) және 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс үзілістеріне қарамастан кез келген үш жыл қатарынан орташа айлық табысқа байланысты.
2026 жылы базалық зейнетақының ең жоғары мөлшері ең төменгі күнқөріс деңгейінің 118 пайызын немесе 60005 теңгені құрайды.
Еңбек өтілі еңбек кітапшасымен расталады, ал еңбек кітапшасы немесе онда тиісті жазбалар болмаған кезде жұмысы туралы мәліметтерді растайтын құжаттар не соттың шешімі негізінде белгіленеді.
Жыл сайын ынтымақты зейнетақылардың мөлшері инфляция деңгейінен екі пайызға алда индекстеледі.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері алынатын мөлшердің 10%-ына артты.
Жасына байланысты зейнетақы төлемдері толық емес көлемде осы Кодекстің 207-бабының 1 – 3-тармақтарында көрсетілген азаматтардың санаттарына олардың жасына байланысты зейнетақы төлемін толық көлемде алу құқығы болмаған кезде, 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемінде алты ай еңбек өтілінің болуына қарай тағайындалады.
Жасына байланысты толық емес көлемдегі зейнетақы төлемдері жасына байланысты толық көлемдегі зейнетақы төлемінің үлесі ретінде 1998 жылғы 1 қаңтардағы еңбек өтіліне барабар түрде есептеледі.
Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу үшін кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 55 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс (АЕК - 4325 теңге).
Яғни, ең жоғары ынтымақты зейнетақы мөлшері, 55 айлық есептік көрсеткіштің (55*4325 теңге) 75 %-ын құрайды немесе 237875 теңге.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдері азаматтардың жеке зейнетақы жинақтарынан төленеді және жинақталған қаражаттың көлеміне байланысты болады.
Қазіргі уақытта ер адамдарға 63 жасқа толғанда, әйелдерге 61 жасқа толғанда жасы бойынша зейнетақы төлемдері тағайындалады.
Бес және одан да көп бала туған (асырап алған, асырап өсірген) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер, 53 жасқа толған кезде зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар.
Зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша сақтандыру ұйымдарынан төленетін сақтандыру төлемдері адамдар міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын пайдалана отырып, сақтандыру ұйымымен сақтандыру төлемдерін өмір бойы жүзеге асыру туралы зейнетақы аннуитеті шартын жасасуға құқылы – ер адамдар 55 жаста, әйелдер 53 жасқа толғанда.
Әлеуметтік қамсыздандыру туралы ақпарат
Әлеуметтік қамсыздандырудың жекелеген санаттары
Республикадағы әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі үш деңгейлі және мынадай төлемдерден тұрады:
бірінші деңгей (базалық) – мемлекеттік бюджеттен мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;
1998 жылдан бастап мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша зейнетақылар мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар санатына ауыстырылды.
Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері күнкөріс деңгейінің мөлшеріне, мүгедектік тобына және оның себебіне байланысты, ал асыраушысынан айырылған жағдайда - асырауындағы адамдардың санына, асыраушының қайтыс болу себебіне және күнкөріс деңгейінің мөлшеріне байланысты болады.
Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері жыл сайын күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты арттырылып отырады.
екінші деңгей (міндетті) – бұл Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) әлеуметтік төлемдер.
2005 жылдан бастап енгізілген әлеуметтік сақтандыру жүйесі әлеуметтік тәуекелдер туындаған жағдайда қосымша әлеуметтік қорғау түрі болып табылады. Ол ресми сектордағы жұмысшыларды қамтиды, олар үшін жұмыс берушілер МӘСҚ-қа әлеуметтік аударымдар төлейді.
Әлеуметтік төлемдер бастапқыда үш әлеуметтік тәуекел бойынша жүзеге асырылды: еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы, асыраушысынан айырылу жағдайында және жұмысынан айырылу жағдайы (2005 ж.) бойынша. 2008 жылдан бастап міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі екі түрлі әлеуметтік тәуекелмен толықтырылды: жүктілік пен босануға байланысты табысты жоғалту жағдайында, сондай-ақ бала бір жасқа толғанға дейін оны күтумен байланысты жағдайларда.