Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизацияданөтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ(электрондық цифрлық қолтаңба) қол қою. Өтінімде «Қазпочта» АҚ немесе Екінші деңгейлі банкте («Ұлттық банк» АҚ) ашылған дербес шоттың нөмірін (IBAN) көрсету.
- Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
*Электронды қызмет көрсетіледі:
- 2008 жылғы 1 маусымнан бастап некелерін тіркеген АХАЖ АЖ отбасыларға;
- 2007 жылғы 13 тамыздан бері қарай туған балалары бар отбасыларға;
- асырап алынған балалар немесе 2008 жылдан бері қайтыс болғандар.
Электронды қызмет бойынша барлық пайдаланылатын сервистер синхронды режимде қол жетімді.
Электрондық қызмет «электрондық үкімет» порталы арқылы мына азаматтарға қол жетімді емес:
- жәрдемақы төленетін басқа балаларға жәрдемақы үлесін бөлумен немесе қайтыс болған асыраушысына бөлумен;
- 8 жасқа толмаған баланың күтімі бойынша санаттарға арналған жәрдемақы;
- немесе әскери қызметтен өткенде қызметтік міндеттерді орындауда қаза тапқанның (қайтыс болғанның), әскери қызметкерді жәрдемақысы
Қызметті алу үшін қажетті құжаттар:
- нысан бойынша өтініш;
- жеке басты куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің ықтиярхаты, Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейінгі оралман куәлігі) жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
- асыраушының қайтыс болуы туралы куәлік немесе адамды хабар ошарсыз кетті деп (қайтыс болды) тану туралы соттың шешімі;
- асырауындағының қайтыс болған адаммен туыстық қатынасын растайтн (тууы туралы, некеге тұру , некені бұзу, әкелігін анықтау (аналығын) туралы куәлік).
Болуына қарай, мынадай құжаттар ұсынылады:
- азаматтық хал актiлерiн тiркеу жөнiндегi органдардың (егер туу туралы куәлікке әкесі туралы мәліметтер анасының мәлімдеуі бойынша енгізілсе) анықтамасы;
- егер он сегіз бен жиырма үш жас аралығындағы асырауындағы адамдар күндiзгi оқу бөлiмiнiң оқушылары болып табылса, 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқу орнының анықтамасы (жыл сайын беріледі);
- қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу туралы құжат;
- қаза тапқан (қайтыс болған) адамның әскери билетi не әскери қызмет өткергенi туралы анықтамасы;
- әскери қызметшінің, ішкі істер органдары және Қазақстан Республикасының бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті қызметкерінің қазасы немесе өлімі қызметтік міндеттерін атқару немесе әскери қызметін өткеру кезінде жарақат алу, контузияға ұшырау, мертігу, ауру салдарынан болғанын растайтын құжат.