2026 жылдың 9 айында департамент жалпы 27361 мемлекеттік қызмет көрсетті (2025 жылдың 9 айында – 28674), оның ішінде зейнек пен және әлеуметтік қамту бөлімі – 22 901 (2025 жылдың 9 айында – 24317), МӘC бөлімдері – 4460 (2025 жылдың 9 айында – 4357).
Барлық мемлекеттік қызметтер мерзімдерді бұзбай көрсетілді.
Ағымдағы жылдың 9 айында зейнек пен және әлеуметтік қамту бөлімі 55 591 электрондық істер макетін қарастырды, соның ішінде жаңа тағайындау – 24075 (2025 жылдың 9 айында – 24727), қайта есептеу, ұзарту, қайта бастау – 21019 (2025 жылдың 9 айында – 22608), бас тарту – 710 (2025 жылдың 9 айында – 1769), төлемдерді тоқтата тұру, тоқтату – 9787 (2025 жылдың 9 айында – 9466).
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Республикалық бюджеттен зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді алатын алушылардың жалпы саны 143 мыңнан асады, соның ішінде жасы бойынша зейнетақы алушылар 106 мыңнан астам.
2026 жылдың 9 айында медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдері мүгедектікті белгілеу бойынша 4460 қызмет көрсетті, оның ішінде 2552 немесе 57,2% сырттай проактивті форматта көрсетілді. Абилитациялау және оңалтудың жеке бағдарламасы бойынша 5786 іс-шара әзірленді.
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау аясында 2026 жылдың 9 айында департамент мамандары 22 профилактикалық және 12 жоспардан тыс тексеріс жүргізді.
Тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жоюға 25 нұсқама берілді. Объектілерге қолжетімділікті қамтамасыз етпегені үшін 1 заңды тұлға және 2 лауазымды тұлға ҚР әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексінің 83-бабы бойынша жалпы сомасы 540 625 теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ, ағымдағы жылдың шілде айынан бастап департамент жаңадан енгізілетін нысандардың мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін қолжетімділік талаптарына сәйкестігі туралы декларацияны келісуге қатысады.
Декларацияны келісуге 17 өтініш түсті: оның ішінде — 3-нен бас тартылды; 6-ы келісілді; 5-ін өтініш берушілер қайтарып алды 3 өтініш қаралуда.
Сондай-ақ, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап департамент арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарға лицензия беру бойынша қызмет көрсетеді.
Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан облысында арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін және облысымыздың 5 мың азаматына көмек көрсететін 24 ұйымға лицензия берілді.
Сондай-ақ департамент мамандары зейнетақы және әлеуметтік қамтамасыз ету, медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелері бойынша азаматтарды қабылдауды жүргізеді. 2026 жылдың 9 айында 4054 азамат қабылданды. 01.10.2026 жылдағы жағдай бойынша жеке және заңды тұлғалардың 1077 өтініші қаралды.
«Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер жұмысшыларының зейнетақымен қамтамасыз етілуі туралы» 2019 жылғы 20 желтоқсандағы Келісім шеңберінде 2026 жылдың 9 айында 4294 сұраныс қарастырылды, оның ішінде еңбек өтілі туралы 1858 формуляр толтырылды (2025 жылдың 9 айында - 3470, оның ішінде еңбек өтілі туралы 2537 формуляр толтырылды).