Адам өзінің ауруына байланысты өз іс-әрекеттерінің мағынасын түсіне алмайтын және оларды басқара алмайтын жағдайларда, оларға қамқоршылық қажет.
Бала 18 жасқа толғанда мүгедек балалардың ата-аналары жиі осындай сұраққа тап болады, яғни ол кәмелетке толады және медициналық-әлеуметтік сараптамадан өтуде қиындықтар туындайды, өйткені бала қажетті құжаттарға өз бетінше қол қоя алмайды.
Іс-қимыл тәртібін түсіндіру үшін біз Қамқоршылықты ресімдеу және медициналық-әлеуметтік сараптамадан өту үшін құжаттарды дайындау бойынша жадынама дайындадық.