Меню

Страницы

Статья

2026 жылдың 6 айында көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

2026 жылдың 6 айында

көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

2026 жылдың 1 жартыжылдығында Департаментпен барлығы 18569 мемлекеттік қызмет көрсетілді (2025 жылдың 1 жартыжылдығында - 19461), оның ішінде электрондық форматта (ЭҮП, ЕДБ, проактивті форматта) - 7361 қызмет немесе 39% (2025 жылдың           1 жартыжылдығында - 7422 қызмет немесе 38 %), оның ішінде зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі – 15541, МӘС бөлімдері – 3028 қызмет көрсетті.

Барлық мемлекеттік қызметтер мерзімдерін бұзбай көрсетілген.

 

2026 жылдың 6 айындағы мүгедектікке талдау

  1. Мүгедектіктің жалпы көрсеткіштері

Куәландырылған адамдардың жалпы саны – 3026.
(2025 жылдың сәйкес кезеңінде – 3024).

Алғаш рет куәландырылғандар – 674.

  • жалпы сандағы үлесі – 22,2 %.

Мүгедектігі бар адам деп танылғандар – 2749.

  • танылғандардың үлесі – 98,4 %.

Қарқынды көрсеткіш – 10 мың тұрғынға шаққанда 12,8.

  1. Алғаш рет мүгедектігі танылған адамдардың жас құрылымы
  • еңбекке қабілетті жастағылар – 332;
  • зейнеткерлік жастағылар – 159;
  • балалар – 163.

III. Бастапқы мүгедектіктің құрылымы

  • Ересек тұрғындар

Жалпы саны – 491.

Негізгі 5 нозологиялық түрі:

  1. Қатерлі ісіктер – 182 (37 %);
  2. Қан айналымы жүйесінің аурулары – 115 (23,4 %);
  3. Психикалық және мінез-құлық бұзылыстары – 47 (9,5 %);
  4. Көз және оның қосалқы аппараттарының аурулары – 24 (4,9 %);
  5. Жарақаттар – 23 (4,7 %).
  • Балалар

Жалпы саны – 163.

Негізгі 3 нозологиялық түрі:

  1. Психикалық және мінез-құлық бұзылыстары – 95 (58,3 %);
  2. Туа біткен даму ақаулары – 22 (13,5 %);
  3. Жүйке жүйесі аурулары және эндокриндік аурулар – әрқайсысы 10 (әрқайсысы 6,1 %).
  4. Қайта куәландыру көрсеткіштері

Толық оңалту – 7,4 %.
(2025 жылдың сәйкес кезеңінде – 7,9 %).

Ішінара оңалту – 14 %.
(2025 жылдың сәйкес кезеңінде – 17 %).

Мүгедектік тобының ауырлауы – 4,8 %.
(2025 жылдың сәйкес кезеңінде – 5,5 %).

  1. Сырттай проактивті куәландыру

Сырттай проактивті куәландырулар саны – 1647.
(2025 жылдың сәйкес кезеңінде – 1469).

Жалпы сандағы үлесі – 54,4 %.
(2025 жылдың сәйкес кезеңінде – 48,6 %).

 

Зейнетақы және әлеуметтік

қамсыздандыру бөлімінің 2026 жылдың 1 жарты жылдығындағы жұмысын талдау

 

2026 жылдың 01 шілдесіне зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімімен бюджеттік субсидиялар мен Семей полигоны бойынша БАӨ ескере отырып, 34989 электрондық іс макеттері қаралды (2025 жылдың 1 жартыжылдығында - 38812), оның ішінде жаңа тағайындау - 16274 (2025 жылдың 1 жартыжылдығында - 16651), қайта есептеу, ұзарту, қайта бастау – 13199 (2025 жылғы 1 жартыжылдықта - 14311), бас тарту - 517 (2025 жылғы 1 жартыжылдықта - 1306 ), төлемдерді тоқтата тұру, тоқтату - 4999 (2025 жылғы 1 жартыжылдықта - 6544).

       2026 жылдың 1 жартыжылдығында зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімімен бала бір жарым жасқа толғаннан кейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алушылардың пайдасына қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау бойынша 1248 ЭМҚ және Семей ядролық сынақ полигоны бойынша 2 ЭМҚ қаралды.

 

2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша

 мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру туралы мәліметтер

 

2026 жылдың бірінші жартыжылдығына профилактикалық бақылау жүргізілетін 15 объектінің тізімі қалыптастырылды.

Мемлекеттік бақылау шеңберінде Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімі 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша облыс бойынша жоспарланған барлық 15 объектіге Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі талаптарының сақталуына профилактикалық бақылау жүргізді.

Сонымен қатар, азаматтардың өтініштері негізінде мүгедектігі бар адамдар үшін объектілердің қолжетімділігі мәселелері бойынша 2 жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

Тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 14 нұсқама берілді.

2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша мүгедектігі бар адамдарды техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету жөніндегі оңалтудың және абилитациялаудың жеке бағдарламасы іс-шараларының орындалуы туралы мәліметтер

Өңірлердің атауы

Протездік-ортопедиялық көмекке мұқтаж

Сурдологиялық көмекке мұқтаж

Тифлотехникалық құралдар

Кресло-арбп

Мұқ-

таж

Қамта-масыз етілген-дер

%

Мұқ-

таж

Қамта-масыз етілген-дер

%

Мұқ-

таж

Қамта-масыз етілген-дер

%

Мұқ-

таж

Қамта-масыз етілген-дер

%

 

Солтүстік Қазақстан облысы

1331

974

73,2

348

300

86,2

654

566

86,5

197

176

89,3

 

                                 

 

Санаторлық-курорттық емделу

Жеке көмекші қызметі

Ымдау тілі маманының қызметі

Міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету

БАРЛЫҒЫ

Мұқ-

таж

Қамта-масыз етілген-дер

%

Мұқ-

таж

Қамта-масыз етілген-дер

%

Мұқ-

таж

Қамта-масыз етілген-дер

%

Мұқ-

таж

Қамта-масыз етілген-дер

%

Мұқ-

таж

Қамта-масыз етілген-дер

%

1385

475

34,3

240

237

98,8

231

225

97,4

4047

3770

93,2

8433

6723

79,8

                                 

 

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша объектілерді бейімдеу туралы ақпарат

2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша облыс бойынша Қолжетімділіктің интерактивті картасына 1575 объект енгізілді. Оның ішінде 1107 объект бейімделген, бұл Қолжетімділік картасына енгізілген объектілердің жалпы санының 70,2%-ын құрайды.

«AMANAT» партиясының 2023–2027 жылдарға арналған Жол картасына сәйкес, 2026 жылы бейімделген объектілердің үлесі Қолжетімділік картасына енгізілген объектілер санының 80%-ын құрауы тиіс.

Департамент тұрақты негізде Қолжетімділіктің интерактивті картасына енгізілген мәліметтердің дұрыстығына мониторинг жүргізеді.

Негізгі анықталатын кемшіліктер:

  • объектілердің ішінара қолжетімділігі;
  • объектілер бойынша ақпараттың толық болмауы.

Анықталған кемшіліктер туралы ақпарат Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына, сондай-ақ аудандардың жұмыспен қамту бөлімдеріне жолданады.

 

АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТЕТІН ҰЙЫМДАРДЫ ЛИЦЕНЗИЯЛАУ

 

БАРЛЫҒЫ АӘҚКҰ – 24; ЛИЦЕНЗИЯ АЛҒАНДАРЫ – 15 (62,5%);       ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАР САНЫ – 5090 АДАМ.

АӘҚКҰ меншік нысаны

Саны

АӘҚКҰ түрі

Коммуналдық мемлекеттік мекеме

24

8 стационар

1 жартылай стационар

1 уақытша болу

14 үйде қызмет көрсету орталығы

Үкіметтік емес ұйымдар

1

1 үйде қызмет көрсету орталығы

 БАРЛЫҒЫ

 25

 
Дата публикации
04 августа 2026
Дата обновления
05 августа 2026
Тип
Статистика

Сейчас читают

Ақпарат
09 октября 2026
Департамент қызметінің 2026 жылдың 9 айындағы қорытындылары
Пайдалы ақпарат
08 октября 2026
Қамқоршылықты ресімдеу және медициналық-әлеуметтік сараптамадан өту үшін құжаттарды дайындау бойынша жадынама
Ақпарат
08 октября 2026
МӘС бөлімдерінің 2026 жылғы 9 айдағы қызметінің қорытындылары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы