Меню

Страницы

Статья

«Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ-нің 2026 жылғы маусым айындағы жұмыс қорытындылары туралы

2026 жылғы маусым айында зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі 2803 мемлекеттік қызмет көрсетті, медициналық-әлеуметтік сараптама саласында 607 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау бойынша 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдайға сәйкес 6723 мүгедектігі бар адам техникалық көмекші (өтемдік) құралдармен және арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етілді, оның ішінде:

  • сурдотехникалық құралдармен – 300 адам (86,2%);
  • тифлотехникалық құралдармен – 566 адам (86,5%);
  • кресло-арбамен – 176 адам (89,3%);
  • міндетті гигиеналық құралдармен – 3770 адам (93,2%).

2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша облыс бойынша Қолжетімділіктің интерактивті картасына 1575 объект енгізілген. Оның ішінде 1107 объект бейімделген, бұл Қолжетімділік картасына енгізілген объектілердің 70,2%-ын құрайды.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін облыстың 29 ұйымы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензия алды.

Мемлекеттік бақылау шеңберінде халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімі 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша ҚР Әлеуметтік кодексі талаптарының сақталуына қатысты облыста жоспарланған 15 объектінің барлығында профилактикалық бақылау жүргізді. Азаматтардың өтініштері бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін объектілердің қолжетімділігі мәселесіне қатысты 2 жоспардан тыс тексеру өткізілді.

Тексеру нәтижесінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз ету саласында 30 заң бұзушылық анықталды, анықталған бұзушылықтарды жою туралы 14 нұсқама берілді.

2026 жылғы 25 маусымда департамент басшысы Манабаева Г.Х. «Qyzyljar TV» телеарнасында «Әлеуметтік қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың жұмысы туралы» тақырыбында сөз сөйледі.

«МТРК» телеарнасындағы «Служу народу» бағдарламасында департамент басшысының орынбасары Сүгірова Е.У. және әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы Габдуллина Г.Л. сөз сөйледі.

Facebook.com парақшасында тікелей эфирлер келесі тақырыптар бойынша өткізілді:

  • «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Моңғолия Үкіметі арасындағы зейнетақы жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы келісім»;
  • «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүйесі туралы»;
  • «Медициналық-әлеуметтік сараптама, зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер»;
  • «Мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз ету»;
  • «2026 жылғы 1 маусымнан бастап ҚР Құрылыс кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты мүгедектігі бар адамдар үшін объектілердің қолжетімділігін қамтамасыз ету туралы»;
  • «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарды лицензиялау»;

«Мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету және Қолжетімділік картасын дамыту».

Дата публикации
17 июля 2026
Дата обновления
17 июля 2026
Тип
Статистика

Сейчас читают

Ақпарат
09 октября 2026
Департамент қызметінің 2026 жылдың 9 айындағы қорытындылары
Пайдалы ақпарат
08 октября 2026
Қамқоршылықты ресімдеу және медициналық-әлеуметтік сараптамадан өту үшін құжаттарды дайындау бойынша жадынама
Ақпарат
08 октября 2026
МӘС бөлімдерінің 2026 жылғы 9 айдағы қызметінің қорытындылары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы