2026 жылғы мамыр айындағы «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ жұмысының қорытындылары туралы
2026 жылғы мамыр айында зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімімен 4416 мемлекеттік қызмет, медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімімен 445 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру бойынша 2026 жылғы 1 маусымдағы жағдайға сәйкес 5600 мүгедектігі бар адам техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен және арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етілді, оның ішінде:
2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша облыс бойынша Қолжетімділіктің интерактивті картасына 1574 нысан енгізілді. Оның ішінде 1095 нысан бейімделген, бұл Қолжетімділік картасына енгізілген нысандар санының 70%-ын құрайды.
Облыста арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 27 ұйым арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензия алды.
Профилактикалық бақылау жоспарына сәйкес 2026 жылғы мамыр айында 5 профилактикалық бақылау тексеруі жүргізіліп, 11 бұзушылық анықталды, 5 нұсқама берілді.
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Е.Ұ. Сүгірова 2026 жылғы мамыр айында азаматтарды жеке қабылдау өткізді. Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша 4 адам жүгінді.
«Facebook.com» парақшасында келесі тақырыптар бойынша 5 тікелей эфир өткізілді:
Медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелері бойынша «СҚО бойынша Қазақ соқырлар қоғамы» ҚБ филиалының мүшелерімен кездесу өткізілді.
Департамент басшысының міндетін атқарушысы және медициналық-әлеуметтік сараптама мамандары Солтүстік Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының медициналық ұйымдарымен 8 кеңес өткізді.
Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің мамандары «Жеткіліктілік шегін есептеудің жаңа әдістемесі» тақырыбында тікелей эфир өткізді.
Бұқаралық ақпарат құралдарында келесі тақырыптар бойынша мақалалар жарияланды:
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы Г.Л. Габдуллина «Facebook.com» парақшасында келесі тақырыптар бойынша тікелей эфир өткізді:
«МТРК» телеарнасында «Elge Qyzmet» бағдарламасында «Қазақстан Республикасының жаңа Құрылыс кодексі мүгедектігі бар адамдар үшін нысандардың қолжетімділігін бақылауды қалай күшейтеді» тақырыбында сөз сөйлеулер ұйымдастырылды.
Бұқаралық ақпарат құралдарында «Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділік талаптарының сақталуын бақылау Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексімен күшейтілуде» тақырыбында мақала жарияланды