2026 жылғы сәуір айындағы жұмыс қорытындылары туралы
2026 жылғы сәуір айында зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімімен 5713 мемлекеттік қызмет, медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімімен 1974 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
2026 жылғы сәуір айында Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы М.К. Омаров азаматтарды жеке қабылдап, зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша 3 азамат жүгінді.
«Facebook.com» парақшасында келесі тақырыптар бойынша 4 тікелей эфир өткізілді: «Базалық зейнетақыны тағайындау және төлеу тәртібі», «Жеткіліктілік шегін есептеудің жаңа әдістемесі туралы», «Әлеуметтік қызметтер порталының проблемалық мәселелері бойынша», «Оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз ету тәртібін түсіндіру».
Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру, медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелерін түсіндіру бойынша еңбек ұжымдарымен 3 кездесу және 4 кеңес өткізілді.
Аудандық газетте «Көз аурулары кезіндегі медициналық-әлеуметтік сараптама» тақырыбында мақала жарияланды.
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің қызметкерлері «AMANAT» партиясының Жол картасы аясында 2026 жылға арналған бейімдеу жоспарының орындалуы мәселесі бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің басшыларымен кеңес өткізді. Сонымен қатар, Әлеуметтік қызметтер порталының проблемалық мәселелері бойынша бөлім басшысының қатысуымен тікелей эфир ұйымдастырылды.