Меню

Страницы

Статья

Департаменттің 2026 жылдың 1-тоқсанындағы жұмыс қорытындысы.

2026 жылғы 1-тоқсан бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің

Жұмыс қорытындылары

 

Зейнетақы және әлеуметтік қамтамасыз ету

 

2026 жылғы 1-тоқсанда зейнетақы және әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімінде 14 346 мемлекеттік қызмет көрсетілді, соның ішінде жаңа тағайындау бойынша – 8 091 іс. Қайта есептеу, ұзарту, төлемдерді қалпына келтіру бойынша – 6 255 іс.

Барлық мемлекеттік қызметтер мерзімінен кешіктірілмей көрсетілді.
Зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде жалған немесе жасанды құжаттардың қолданылуы фактілерін анықтау жұмысы жүргізілуде. 2026 жылғы 1-тоқсанда өтініш берушінің берген деректері шындыққа сәйкес келмеу мүмкіндігі бар (есептік топ №360 АЖ «E-maket») 93 жасына байланысты зейнетақы төлемі тексерілді. Жалған құжаттар қолданылған фактілер анықталған жоқ.

Жинақтау өтілінің жасанды ұлғаю белгілерін анықтау жөніндегі есептер бойынша базалық зейнетақының жаңа тағайындауларына тұрақты негізде талдау жүргізіледі.

Жұмыс қорытындысы бойынша 16 алушы бойынша расталмаған жинақтау өтілін азайтуға базалық зейнетақы мөлшерін қайта есептеу жүргізілді. Артық төлемнің жалпы сомасы – 491 352 теңге, бюджетке қайтарылды.

 

Медициналық-әлеуметтік сараптама

 

2026 жылғы 1 сәуірге Солтүстік Қазақстан облысында барлығы 23 859 мүгедек тіркелген.

2026 жылғы 1-тоқсанда «Мүгедектікті және/немесе еңбек қабілетінің жоғалу дәрежесін анықтау және/немесе әлеуметтік қорғау шараларын белгілеу» мемлекеттік қызметі бойынша 1 425 қызмет көрсетілді (2025 жылы – 1 422), соның ішінде алғаш рет – 320 (347), қайта – 990 (964), қашықтан проактивті түрде – 792 (55,58%) (713 – 50,14%), жеке қабылдау – 633 (44,42%) (709 – 49,86%).

Қайта медициналық сараптама нәтижесінде толық оңалту – 6,5 (7,0), ішінара оңалту – 12,3(18,1), топтың ауырлауы – 5,2(5,8).

 

Мүгедектігі бар адамдарды бейімдеу мен оңалтудың жеке  бағдарламаларының әлеуметтік бөлігін іске асыру бойынша.

 

2026 жылдың 1 тоқсанында мүгедектігі бар 3371 адам техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен және арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етілді:

  • Сурдологиялық көмек – 128 адам (64%);
  • Тифлотехникалық құралдар – 310 адам (74%);
  • Арбалар – 78 адам (73,6%);
  • Міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету – 1 968 адам (85,2%).

 

 

Объектілерді бейімдеу бойынша

 

2026 жылдың 1 тоқсанында облыс бойынша қол жетімділіктің интерактивті картасына 1562 объект енгізілді. Оның ішінде 1071 нысан бейімделген, бұл қолжетімділік картасына енгізілген нысандар санының 69% -ын құрайды.

 

Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау бойынша.

 

2026 жылдың 1 тоқсанында облыстың арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 25 ұйымы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензия алды.

Профилактикалық бақылау жоспарына сәйкес 2026 жылдың 1 жартыжылдығына облыстың 15 әлеуметтік объектісінде тексеру жүргізу жоспарланған.  3 профилактикалық тексеру жүргізілді (КММ «Айыртау ауданы әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі», КММ «Аққайын ауданы әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі», КММ «Тайыншин ауданы әкімдігі әлеуметтік қызмет көрсету орталығы»

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және оңалту құралдарымен қамтамасыз ету саласында 5 бұзушылық анықталды. Қорытындысы бойынша Департаменттің тұрақты бақылауында тұрған анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері бар нұсқамалар берілді.

 

Жеке қабылдау

 

Зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша жеке қабылдауға Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департамент басшысы М. К. Омаровқа 10 азамат жүгінді, басшының орынбасарымен 6 адам қабылданды.

Бас маманның «Жасына байланысты зейнетақы тағайындау және төлеу тәртібі» тақырыбында тікелей эфирде сөз сөйлеуі өткізілді. Еңбек ұжымдарымен зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтік қамсыздандыру, медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелері бойынша 5 кездесу өткізілді.

Тоқсан сайынғы «Ашық есік күні» акциясы өткізілді.  МӘС мәселелері бойынша денсаулық сақтау басқармасының мамандарымен 1 кеңес және 4 семинар өткізілді.

Дата публикации
09 апреля 2026
Дата обновления
09 апреля 2026
Тип
Статистика

Сейчас читают

Ақпарат
09 октября 2026
Департамент қызметінің 2026 жылдың 9 айындағы қорытындылары
Пайдалы ақпарат
08 октября 2026
Қамқоршылықты ресімдеу және медициналық-әлеуметтік сараптамадан өту үшін құжаттарды дайындау бойынша жадынама
Ақпарат
08 октября 2026
МӘС бөлімдерінің 2026 жылғы 9 айдағы қызметінің қорытындылары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы