Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында және арнайы әлеуметтік қызмет көрсету саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жөнінде 2021 жылдың 12 айы бойынша мәлімет.

Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында және арнайы әлеуметтік қызмет көрсету саласында мемлекеттік  бақылауды жүзеге асыру жөнінде

2021 жылдың 12 айы бойынша мәлімет.

 



жыл
Жоспарланған объект саны Тексерілген ұйымдардың саны Тексеріс түрі Тексеріс сұрағы Қабылдау шаралары  
Берілген ұйғарым саны Әкімшілік айыппұл саны
Сомасы, теңге
 
Проф.бақылау Жоспардан тыс  
ӘҚБК83б. ӘҚБК 84б. ӘҚБК462б.  
  2021   60      109    60   49 Әлеуметтік қорғау және арнайы әлеу.қызм.көрсету      78       3   0   4   1,414,745  
2020   70   86    66   20 Әлеуметтік қорғау және арнайы әлеу.қызм.көрсету   76       2   0   0   1,166,760  
Абс.санда айырмаш. (+,-) -10 +23 -6 +29   +3 +1 0 +4 +247,985  

Жылдың басынан бастап департамент 60 объектіні профилактикалық бақылау және қадағалау жоспарлады (2020 ж.-70), 2021 жылдың 31 желтоқсанына 109 тексеріс (2020 ж. 86), оның ішінде 60 профилактикалық тексеріс (2020 ж.-66) және 49 жоспардан тыс (2020 ж. – 20) «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заңының сақталуына  тексерістер жүргізілді. 

Тексеріс қорытындылары бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің мамандарымен анықталған бұзышылықтарды және орындау мерзімдері көрсетілген 78 ұсыным (2020 ж. – 76) берілді.

Тексерістің нәтижесінде бір лауазымды тұлға «Қазпошта» АҚ СҚОФ М.Жұмабаев ауданы АПБЖ директоры) және 2 заңды тұлға («ИНВИВО» ЖШС, «Банк ВТБ» АҚ ЕҰ) ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 83-бабы бойынша объектіге қол жетімді жағдай жасамағаны үшін айыппұл түрінде 1,239,725 теңге сомасында әкімшілік жазаға тартылды.

Берілген ұйғарымдарды орындамағаны үшін жалпы соммасы 175,020 теңгеге ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 462-бабы бойынша 4 әкімшілік материал («Петропавл балалар әлеуметтік әлеуметтік орталығы» КММ, «Петропавл қаласының полиция басқармасы», «Қызылжар ауданының полиция бөлімі», «Есіл ауданы әкімінің аппараты» КММ) сотқа жіберілді.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен Nur Otan партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын орындау шеңберінде қазақстандықтардың, соның ішінде мүгедектігі бар тұлғалардың жағдайларын жақсартуға бағытталған іс-шараларды іске асыру бойынша Жол картасы бекітілді.

Жол картасының 78, 84 ,85 тармақтарын орындауда бүгінгі күні келесі жұмыстар атқарылды:

  1. Қарт адамдардың өмір сүру жағдайларына мониторинг жүргізу жөнінде мониторинг тобы 2021 жылдың 21-22 сәуірі күндері «Смирнов әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ және «Надежда» Тайынша әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-де тексеріс жүргізді.

2021 жылдың тамыз айында мониторинг тобы «Петропавл қаласы балалар әлеуметтік қызмет көрсету орталағы» КММ жанындағы күндізгі бөлімшесінде тексеріс жүргізді.

Мониторинг тобының құрамына  «Nur Otan» партиясының СҚОФ, Ұлттық превентивтік механизмінің СҚО бойынша тобының, «Әйелдерді қолдау орталығы» ҚБ, Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, Облыс әкімінің мүгедектер мәселесі бойынша кеңесшісі және департамент қызметкерлері енгізілді.

  1. 2021 жылдың 31 желтоқсанына ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін жақсарту және бейімдеу бойынша мониторинг тобымен облыстың 259 объектісі тексерілді (2025 жылдың аяғына дейін СҚО бойынша 1295 объект жоспарланған), Интерактивтік карта бойынша 259 объект толығымен бейімделген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ақпарат
Дата публикации
31 декабря 2021