Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында және арнайы әлеуметтік қызмет көрсету саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жөнінде
2020 жыл бойынша мәлімет.
жыл |
Жоспарланған объект саны | Тексерілген ұйымдардың саны | Тексеріс түрі | Тексеріс сұрағы | Қабылдау шаралары | |||||
| Берілген ұйғарым саны | Әкімшілік айыппұл саны | Сомасы, теңге |
||||||||
| Проф.бақылау | Жоспардан тыс | |||||||||
| ӘҚБК83б. | ӘҚБК 84б. | |||||||||
| 2020 | 70 | 86 | 66 | 20 | Әлеуметтік қорғау және арнайы әлеу.қызм.көрсету | 75 | 2 | 0 | 1,166,760 | |
| 2019 | 30 | 61 | 27 | 34 | Әлеуметтік қорғау және арнайы әлеу.қызм.көрсету | 61 | 8 | 0 | 1,439,250 | |
| Абс.санда айырмаш. (+,-) | +40 | +25 | +39 | -14 | +14 | -6 | 0 | -272,490 | ||
2020 жылы профилактикалық бақылаудың 70 тексерісі жоспарланды, 2020 жылы 86 тексеріс (2019 ж.-61), оның ішінде 66 профилактикалық тексеріс (2019 ж.- 27) және 20 жоспардан тыс (2019 ж. – 34) «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заңының сақталуына білім саласында – 48, денсаулықсақтау саласында -8, мәдениет саласында – 5, телекоммуникация және байланыс саласында – 9 объект, медициналық-әлеуметтік мекемеде -5, банкте – 2, жұмыспен қамту бөлімінде – 2, құқыққорғау органдарында - 3 объектіде тексерістер жүргізілді.
Тексеріс қорытындылары бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің мамандарымен анықталған бұзышылықтарды және орындау мерзімдері көрсетілген 75 ұсыным (2019 ж. – 61) берілді.
Тексерістің нәтижесінде бір ірі кәсіпкерлік субъектісі («Евразиялық банкі» АҚ) ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 83-бабы бойынша объектіге қол жетімді жағдай жасамағаны үшін айыппұл түрінде 1,111,200 теңге сомасында, сондай-ақ мүгедектердің жеке оңалту бағдарламасын орындамағаны үшін Петропавл қаласының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 83-бабы 3-тармағы бойынша 55,560 теңге сомасында әкімшілік жазаға тартылды. Әкімшілік айыппұлдың жалпы соммасы – 1,166,760 теңгені құрайды (2019ж. - 1,439,250).
Ағымдағы жылы Петропавл қаласының прокуратурасымен бірлесіп қаланың балалар үйлері және Баалар әлеуметтік қызмет көрсету орталығы тексерілді, сондай-ақ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Вице-министрі Е.М. Әукеновтің тапсырмасы бойынша денсаулық мүмкіндіктері шектелген балаларға арнайы әлеуметтік қызмет көрсету балалар медициналық-әлеуметтік мекемелерінің қызметтерін бақылау бойынша мониторинг тобымен «Петропавл балалар әлеуметтік қызмет көрсету орталығында» және «Арман» балалар әлеуметтік қызмет көрсету орталығында» тексеріс жүргізілді. Тексеріс қорытындылары бойынша департамент басшысы аймақтық деңгейде брифинг өткізді, «Солтүстік Қазақстан» және «Северный Казахстан» газеттерінде мақалалары жарияланды.
2020 жылдың 29 мамырында облыс әкімінің орынбасарымен мүгедектігі бар тұлғаларға арналған инфрақұрылымдар объектілерінің қол жетімділігі туралы ақпараттық-түсіндірме жұмыстары бойынша медиа-жоспар бекітілді. Осы Медиа-жоспарды орындау үшін департамент келесі жұмыстарды өткізді: