2026 жылдың бірінші жартыжылдығына профилактикалық бақылау жүргізілетін 15 объектінің тізімі қалыптастырылды.
Мемлекеттік бақылау шеңберінде Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімі 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша облыс бойынша жоспарланған барлық 15 объектіге Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі талаптарының сақталуына профилактикалық бақылау жүргізді.
Сонымен қатар, азаматтардың өтініштері негізінде мүгедектігі бар адамдар үшін объектілердің қолжетімділігі мәселелері бойынша 2 жоспардан тыс тексеру жүргізілді.
Тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 14 нұсқама берілді.