Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Медициналық-әлеуметтік сараптама

Медициналық-әлеуметтік сараптама

(2026 жылдың  қыркүйегіне өзгертулерімен және толықтыруларымен ҚР әлеуметтік кодексінің 155-бабы)

1. Адамның мүгедектігін, еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін белгілеу уәкілетті мемлекеттік органның барып немесе сырттай медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуі арқылы жүзеге асырылады.

2. Дәрігерлік-консультативтік комиссия медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберуді денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүргізеді.

2-1. Куәландырылатын адамның немесе оның заңды өкілінің өтініші медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге негіз болады.

Он сегіз жастан асқан, ес-түссіз күйдегі адамның жұбайы (зайыбы) немесе жақын туысы оның келісімінсіз берген өтініш оған медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге негіз болады.

Ес-түссіз күй деп организмінің негізгі функциялары бұзылып, тіршілік ету қабілеті шектеліп, адам есінен танып жатқан орнықты ауыр патологиялық жай-күй түсініледі.

3. Медициналық-әлеуметтік сараптама уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен куәландырылатын адамның клиникалық-функционалдық, әлеуметтік, кәсіптік және психологиялық деректерін сыныптауыш пен өлшемшарттарды пайдалана отырып талдау негізінде организмнің жай-күйін кешенді бағалау негізінде жүзеге асырылады.

4. Өтініш берушіге:

қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды тапсырған кезде;

құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған кезде;

медициналық-әлеуметтік сараптама бөліміне барып куәландыруға тұрақты тіркелмеген орны бойынша жүгінген кезде медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуден бас тартылады.

5. Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қорытындысы бойынша тыныс-тіршілік санаттарының бірінің шектелуіне алып келетін организм функцияларының тұрақты бұзылуы болмаған жағдайларда мүгедектік және (немесе) еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі белгіленбейді.

6. Адамға мүгедектік және (немесе) еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі белгіленген кезде оның себептері, мерзімдері, әлеуметтік қорғау шараларына деген қажеттілік анықталады, сондай-ақ жеке бағдарламаның әлеуметтік және кәсіби бөліктері әзірленеді.

7. Организм функцияларының бұзылу дәрежесіне, тыныс-тіршілігінің шектелуіне, оңалту болжамына және әлеуетіне қарай мынадай санаттар:

1) мүгедектікті анықтау кезінде адамға:

жеті жасқа дейін - 6 айға, 1 жылға, 2 жылға, 5 жылға немесе жеті жасқа дейін «мүгедектігі бар бала» санаты;

жеті жастан он сегіз жасқа дейін - 6 айға, 1 жылға, 2 жылға, 5 жылға немесе он сегіз жасқа дейін «бірінші топтағы мүгедектігі бар бала», «екінші топтағы мүгедектігі бар бала», «үшінші топтағы мүгедектігі бар бала» санаттары;

он сегіз жастан асқанда - 6 айға, 1 жылға, 2 жылға, 5 жылға немесе қайтадан куәландыру мерзімінсіз «мүгедектіктің бірінші тобы», «мүгедектіктің екінші тобы», «мүгедектіктің үшінші тобы» мүгедектік топтары;

2) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға еңбекке қабілеттілігінен айырылуға алып келетін әлеуметтік тәуекел туындаған кезде - жалпы еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі 30 пайыздан 100 пайызға дейінді қоса алғандағы мөлшерде 6 айға, 1 жылға, 2 жылға, 5 жылға, он сегіз жасқа толғанға дейін, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы осы Кодекстің 207-бабының 1-тармағында көзделген жасқа толғанға дейін белгіленеді.

Кезекті қайта куәландыру мерзімі бар мүгедектігі бар адамға жалпы еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі белгіленген жағдайда жалпы еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі осы әлеуметтік қауіп бойынша мүгедектік мерзімі аяқталғанға дейін белгіленеді;

3) еңбек (қызметтік) міндеттерін орындауға байланысты өндірістік жарақат алған және (немесе) кәсіптік ауруға шалдыққан жұмыскерге - кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі 5 пайыздан 100 пайызға дейінді қоса алғанда 6 айға, 1 жылға, 2 жылға, 5 жылға немесе қайта куәландыру мерзімінсіз белгіленеді.

Кезекті қайта куәландыру мерзімі бар мүгедектігі бар адамға кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі белгіленген жағдайда кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі өндірістік жарақат және (немесе) кәсіптік ауру бойынша мүгедектік мерзімі аяқталғанға дейін белгіленеді.

7-1. Жұбайы (зайыбы) немесе жақын туысы медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге өтініш берген кезде он сегіз жастан асқан, ес-түссіз күйде жатқан адамға бір жылдан аспайтын мерзімге мүгедектік белгіленеді.

Он сегіз жастан асқан, ес-түссіз күйде жатқан мүгедектігі бар адамның денсаулық жағдайы осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген мерзім басталғанға дейін жақсарған жағдайда, қайта куәландыру Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

8. Мүгедектіктің және (немесе) еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесінің мынадай себептері:

1) жалпы ауру;

2) жұмыста мертігу;

3) кәсіптік ауру;

4) бала кезінен мүгедектік;

5) жеті жасқа дейінгі балалардың мүгедектігі;

6) жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі балалардың мүгедектігі;

7) тиісті қызмет саласындағы уәкілетті орган себеп-салдарлық байланысты белгілеген жағдайда қызметтік міндеттерін атқару кезінде, әскери қызмет өткеру кезінде, азаматтық немесе әскери мақсаттағы ядролық объектілердегі авариялардың зардабын жою кезінде не ядролық объектілердегі авариялық жағдайлар салдарынан алған, әскери қызмет міндеттерін (қызметтік міндеттерін) атқаруға байланысты емес жазатайым оқиғаның салдарынан болған жаралану, контузия, мертігу, ауру не әскери және қызметтік борышын орындауға байланысты емес ауру;

8) тиісті қызмет саласындағы уәкілетті орган себеп-салдарлық байланысты белгілеген жағдайда төтенше экологиялық жағдайлар, оның ішінде ядролық жарылыстар мен сынақтар кезіндегі радиациялық әсер етудің салдарынан және (немесе) олардың зардаптарынан болған мүгедектік айқындалады.

Осы тармақтың 7) және 8) тармақшаларындағы мүгедектік себептері себеп-салдарлық байланысты анықтаған уәкілетті органның келтірген тұжырымына қатаң сәйкестікпен шығарылады.

9. Еңбек (қызметтік) міндеттерін орындауға байланысты өндірістік жарақат алған және (немесе) кәсіптік ауруға шалдыққан жұмыскерлер үшін кәсіптік еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесінің мынадай себептері:

1) жұмыста мертігу;

2) кәсіптік ауру белгіленеді.

10. Мүгедектігі бар және (немесе) еңбекке қабілеттілігінен айырылған адамдар мүгедектіктің және еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесінің белгіленген мерзімдерін сақтай отырып, қайта куәландырудан өтеді.

Осы тармақтың талабы осы баптың 7-1-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайға қолданылмайды.

11. Жүргізілген медициналық-әлеуметтік сараптама нәтижелерімен келіспеген жағдайда адам және (немесе) оның заңды өкілі уәкілетті мемлекеттік органға жүгінеді.

Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерінің шешімдеріне шағымдануды қарауды және медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелері бойынша бақылауды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен медициналық-әлеуметтік сараптаманың әдіснама және бақылау бөлімі жүзеге асырады.

12. Медициналық-әлеуметтік сараптаманың әдіснамасы және оны бақылау бөлімі медициналық-әлеуметтік сараптамаға анық емес құжаттарды ұсыну және (немесе) сараптама қорытындысын негізсіз шығару фактісі анықталған кезде хаттама ресімдейді, оның негізінде бақылау бойынша қайта куәландырылғанға және сараптама қорытындысы шығарылғанға дейін мүгедектікті және (немесе) еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін белгілеуге байланысты төлемдер мен жәрдемақылар тоқтатыла тұрады.

13. Төтенше жағдай кезеңінде қайта куәландыру мерзімі төтенше жағдай енгізілгенге дейін бір айдан аспаған және төтенше жағдай кезінде басталған және көрсетілген мерзімде қайта куәландырудан өтпеген адамдар үшін мүгедектік, еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесінің және жеке бағдарламалардың мерзімдері төтенше жағдайдың қолданылу мерзіміне автоматты түрде ұзартылады.

Төтенше жағдай режимі қолданысының аяқталу айы толығымен есептеледі.

 

Документы
Ереже
09 октября 2026
ЕРЕЖЕ Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің медициналық-әлеуметтік сараптаманың әдіснама және бақылау бөлімі туралы
Ереже
09 октября 2026
ЕРЕЖЕ Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің №1 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі туралы
Қағида
08 октября 2026
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларын бекіту туралы № 230
Новости
Полезные материалы
Қамқоршылықты ресімдеу және медициналық-әлеуметтік сараптамадан өту үшін құжаттарды дайындау бойынша жадынама
МӘС бөлімдерінің 2026 жылғы 9 айдағы қызметінің қорытындылары
«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ-де «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік бос лауазымына орналасуға жалпы конкурстың әнгімелесу нәтижелері туралы ақпарат.
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы
Бірінші топтағы мүгедектікті белгілеу критерийлері қандай?

Тіршілік-тынысының мынадай санаттарының бірінің айқын білінетін шектелуіне не олардың ұштасуына әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттар немесе кемістіктер салдарынан болатын организм функцияларының тұрақты едәуір немесе айқын білінетін бұзылуы бірінші топтағы мүгедектікті белгілеу үшін критерий болып табылады:

1) үшінші дәрежедегі өзіне-өзі қызмет көрсетуге;

2) үшінші дәрежедегі жүріп-тұруға;

3) үшінші дәрежедегі еңбек қызметіне (еңбек ету қабілеті);

4) үшінші дәрежедегі оқуға;

5) үшінші дәрежедегі бағдарлай білуге;

6) үшінші дәрежедегі қарым-қатынас жасауға;

7) үшінші дәрежедегі өзінің мінез-құлқын бақылауға.

Екінші топтағы мүгедектікті белгілеу критерийлері қандай?

Тіршілік-тынысының мынадай санаттарының бірінің айқын білінетін

шектелуіне не олардың ұштасуына әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттар немесе кемістіктер салдарынан болатын организм функцияларының тұрақты едәуір немесе айқын білінетін бұзылуы бірінші топтағы мүгедектікті белгілеу үшін критерий болып табылады:

 1) екінші дәрежедегі өзіне-өзі қызмет көрсетуге;

 2) екінші дәрежедегі жүріп-тұруға;

 3) екінші дәрежедегі еңбек қызметіне (еңбек ету қабілеті);

 4) екінші дәрежедегі оқуға;

 5) екінші дәрежедегі бағдарлай білуге;

 6) екінші дәрежедегі қарым-қатынас жасауға;

 7) екінші дәрежедегі өзінің мінез-құлқын бақылауға.

Мүгедектіктің үшінші тобын құрудың өлшемдері қандай?

Тіршілік-тынысының мынадай санаттары бірінің шамалы білінетін шектелуіне не олардың ұштасуына әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттар немесе кемістіктер салдарынан болатын организм функцияларының тұрақты шамалы бұзылуы үшінші топтағы мүгедектікті белгілеу үшін критерий болып табылады:

 1) бірінші дәрежедегі өзіне-өзі қызмет көрсетуге;

 2) бірінші дәрежедегі жүріп-тұруға;

 3) бірінші дәрежедегі еңбек қызметіне (еңбек ету қабілеті);

 4) бірінші дәрежедегі оқуға;

 5) бірінші дәрежедегі айналасын бағдарлай білуге;

 6) бірінші дәрежедегі қарым-қатынас жасауға;

 7) бірінші дәрежелі өзінің мінез-құлқын бақылауға

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы