Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің 2023 жылға бекітілген 259 әлеуметтік нысандарды бейімдеу жоспарына сәйкес және департамент басшысы Руслан Кәрібайұлы Тұңғышбаевтың ұйымдастыруымен, департаменттің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің қызметкерлері Интерактивті қолжетімділік картасын жаңғырту мәселесі бойынша қалалық басқармалар мен аудандық әкімдіктерінің өкілдерімен 2023 жылғы 29 қарашасында оқыту семинарын өткізді. Оқыту барысында интерактивті қолжетімділік картасын толтыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, қатысушылардың тарапынан ұсыныс, пікірлері тыңдалып, алдағы уақытта әрбір көтерілген мәселелер бойынша жұмыс жүргізілетіндігі айтылды.