2026 жыл бойынша зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру саласы бойынша мәлімет

Департамент бойынша азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсетудің 16 түрі бойынша мемлекеттік қызмет көрсетіледі, қызметтің барлық түрі цифрландырылған.

2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасы  Заңына  сәйкес 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап  республикалық бюджет қаражаты есебінен төленетін зейнетақылар мен жәрдемақыларды қайта есептеу жүргізілді.

Шымкент қаласы бойынша зейнетақы мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны 212 775  астам азаматты құрайды. (354 132 мың төлем бойынша)

- Зейнеткер – 101 869 адам;

- асыраушысынан айырылу бойынша  – 10 003 адам;

- арнаулы мемлекеттік жәрдемақы – 8 623 адам;

- 1,5 жасқа дейінгі бала күтіміне арналған жәрдемақы – 10 155 адам;

- көп балалы аналар – 14 837 адам;

- көп балалы отбасылар – 55 891 адам.

 

2026 жылғы 1 қаңтарға  дейін тағайындалған жасына байланысты зейнетақы төлемдері мен  еңбек сіңірген жылдары үшін  зейнетақы төлемдерінің, сонымен қатар әлеуметтік жәрдемақылардың  мөлшері 10 % - ға арттырылды.

 

2026 жылғы 1 қаңтардан  бастап:

Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 4325 теңге;

Ең төменгі зейнетақы- 69049 теңге;

Ең төменгі күнкөріс деңгейі- 50851 теңге;

Базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері - 35596 теңге;

Жалақының ең төменгі  мөлшері  - 85000 теңгені құрайды.

Дата публикации
06 апреля 2026