Шымкент қаласы бойынша 01.10.2026 жылға мүгедектігі бар адамдар саны 44 036 адамға жетіп, қала бойынша тұрғындардың (01.09.2026 жылға 1 316 888 тұрғын) 3,3 % -ын құрайды. Оның ішінде:
- Ересек мүгедектігі бар азаматтар саны – 35087 немесе 79,7%,
1) 1 топ – 5274 адам, жалпы санның- 12,0%,
2) 2 топ – 15271 адам, жалпы санның- 34,7%,
3) 3 топ – 14542 адамнан тұрады, жалпы санның- 33,0%,
- 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар саны – 8949 немесе 20,3%,
1) 7 жасқа дейінгі мүгедектігі бар бала санаты бойынша – 3015 бала,
2) 1 топтағы мүгедектігі бар – 858 бала,
3) 2 топтағы мүгедектігі бар – 2413 бала,
4) 3 топтағы мүгедектігі бар – 2663 бала
мүгедектердің орталықтандырылған базасында есепте тұрады.
НЕГІЗГІ ТЕНДЕНЦИЯЛАР:
Өткен 2025 ж. көрсеткішімен салыстырғанда жалпы мүгедектік саны артруы байқалады (1213 адамға - 2,7%)
Ересектер арасында (2025 ж. - 34415 адам) салыстырмалы- 672 адамға өскен, балалар арасында – (2025 ж. - 8408)- 541 балаға өскен.
2026 жылғы қыркүйек айы бойынша МӘС бөлімдері жалпы 12822 (2025ж.- 11607) адамға мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде, алғашқы рет куәландырылғаны 2699 адам, қайта куәландырылғаны 8968 адам, негізсіз жолданғандары – 152 (өткен жылы- 174). Интенсивті көрсеткіш – 19,7 (өткен жылы- 20,5).
Алғаш куәландырылған қызмет алушылар арасынан 2591 (өткен жылы- 2636) адамға мүгедектік тағайындалған яғни, өткен жылмен салыстырғанда 45 адамға азайған.
Негізсіз жолданғандар
2026 жылдың 9 айында 152 науқас негізсіз жолданды, өткен жылы – 174 (- 22 адам)
• Сырттай 78 (өткен жылы- 70) - 51,3%
• Көзбекөз 74 (өткен жылы- 104) - 48,7%.
2026 ж. қыркүйек айы бойынша негізсіз жолданымдар жалпы саны - 152 (2025 ж. 9 айда - 174), бұл көрсеткіш 22 жағдайға азайған.
Негізгі тенденция: өткен жылдың осы мерзімімен салыстарғанда негізсіз жолданымдар саны негізінен көзбе-көз куәландыру бойынша азайғаны байқалады.
Қайта куәландыру нәтижесі:
Қайта куәландырылған - 8968 (7828) мүгедектің ішінде,
мүгедек деп танылғаны – 8194 (7374) адам,
толық оңалтылғандар – 774 (454) адам, пайызға шаққанда 8,6%, (5,8%); РҚ- 6,7%
жартылай оңалтылғандыр – 871 (564), пайызға шаққанда 18,9% (14,0%); РҚ- 13,3%
күшейтілгендер – 420 (387), пайызға шаққанда 5,5% (5,7%); РҚ- 6,0%
яғни барлық нысаналы көрсеткіштеріміз өткен жыл мен және орта республикалық көрсеткіштермен салыстырғанда жақсарғаны бар.
Проактивті сырттай куәландыру бойынша
Мемлекет Басшысының Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің V отырысында берілген азаматтарға бір медициналық мекемеде оларға қажетті қызмет көрсетудің пилоттық жобасын іске асыру қажеттілігі туралы тапсырмасын орындау үшін «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» проактивті сырттай мемлекеттік қызмет көрсетудің пилоттық жобасы қабылданып, Шымкент қаласында пилотты проактивті сырттай куәландыру 2021 жылғы 1 қарашасынан бастап іске қосылды.
Нысаналы деңгей – 45,0 %
Нақты нәтиже: 2026 ж. 9 айдың қорытындысымен – 6255 (өткен жылы- 4855) адамға сырттай проактивті куәландыру жүргізілген, бұл 48,8% (өткен жылы- 41,8%) құрайды (Республика бойынша- 47,9%).