2026 жылдың ІІІ тоқсан қорытындысы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің мамандарымен кәсіпкерлік субъектілеріне Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII ҚРЗ Әлеуметтік Кодексі талаптарының сақталуына, оның ішінде мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, білім мекемелері, мемлекеттік мекемелері және т.б. салада әлеуметтік және транспорттық инфрақұрылым объектілеріне мүгедектігі бар адамдардың қолжетімділікпен және ОЖБ-мен қамтамасыз етілуіне 24 тексеру жүргізілді, оның ішінде: - жоспарлы – 15 (1-жұмыспен қамту басқармасы, 4- арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, денсаулық сақтау – 6, білім – 3, мәдениет – 1) - жоспардан тыс – 9 (1-жұмыспен қамту басқармасы, 1- арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, денсаулық сақтау – 3, ЖШС - 2, ЖК – 1, АҚ - 1). Бұдан бөлек, прокуратура қаулысы негізінде 2 тексеру жұмыстары жүргізіліп, аяқталды. Нұсқамалардың орындалуы бойынша: 2025 жылдың қорытындысы бойынша жалпы 32 нұсқама беріліп, мерзіміне қарай орындалуда. Оның ішінде сотқа жолданғандар: - «Шымкент халықаралық терминалы» ЖШС, 11.06.2026 жылғы №5299-26-00-4а/186 Сот шешімімен 30.12.2025 жылғы №59 бұзушылықты жою туралы нұсқама және қаулы 02.07.2026 жылғы №5213-26-00-3ж/61 соттың шешімімен өз күшінде қалып, айыппұл толығымен өндірілді.- «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери - техникалық мектебі» РМКМ айыппұлды қысқарту туралы шағымы, 23.02.2026 жылғы №3а/83 Сот қаулысымен апелляциялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылды. 2026 жылы ІІІ тоқсан қорытындысы бойынша 11 нұсқама беріліп, 4 нұсқама орындалды. Қалғаны мерзіміне қарай орындалуда. Жоспардан тыс тексеру бойынша: 2025 жыл қорытындысы бойынша 32 жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 14 нұсқама беріліп, мерзіміне қарай орындалуда, 13 тексеру субъектісіне әкімшілік іс қозғалып, жалпы сомасы 5 951 620 (бес миллион тоғыз жүз елу бір мың алты жүз жиырма) теңге мөлшерінде айыппұл салынған. 2026 жылы ІІІ тоқсан қорытындысы бойынша 9 жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 6 нұсқама беріліп, мерзіміне қарай орындалуда, 6 тексеру субъектісіне әкімшілік іс қозғалып, жалпы сомасы 1 081 250 (бір миллион сексен бір мың екі жүз елу) теңге мөлшерінде айыппұл салынды. Мүгедектігі бар адамдарға қолжетімді ортаны қалыптастыруға қатысты
«Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау» ақпараттық порталында орналасқан Қолжетімділіктің интерактивті картасының жергілікті атқарушы органдары тарапынан толтырылуын және 2023–2027 жылдарға арналған «AMANAT» партиясының жол картасы шеңберінде инфрақұрылымдық нысандарды 2026 жылдың соңына дейін 80%-ын бейімдеу жоспарланған.
Аталған жұмыс жоспарына сәйкес, қыркүйек айындағы көрсеткіш деңгейі 73% -ды құрайды.
29.09.2026 жылғы жағдай бойынша 75% құрап, жоспар толық орындалды.
Мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың жеке бағдарламасының орындалуы бойынша (әрі қарай-ОЖБ)
2023–2027 жылдарға арналған «AMANAT» партиясының жол картасы шеңберінде 2026 жылдың соңына дейін 89%-ын жеткізу жоспарланған.
Аталған жұмыс жоспарына сәйкес, қыркүйек айындағы көрсеткіш деңгейі 76,9% -ды құрайды.
29.09.2026 жылғы жағдай бойынша ОЖБ-ға сәйкес қала бойынша 53 411 қажеттілік анықталып, оның 43 111-ы яғни 80,8% қамтамасыз етілген.
Халықты әлеуметтік қорғау
саласындағы бақылау
бөлімінің басшысы Ф.Смайлова