21.10.2026 Ж. Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелерін түсіндіру бойынша 2026 жылғы 21 мамырдағы № 31 хаттамалық тапсырмаға сәйкес департамент басшысының орынбасары А.Б. Ахынов Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының негізгі бағыттарын түсіндіруге арналған Департамент қызметкерлерімен жиналыс өткізді Жиналыс барысында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында көзделген түйінді ережелер мен негізгі өзгерістер олардың елді одан әрі дамыту және мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру үшін маңызы қаралды
Әлеуметтік фронт-офисте Ашық есік күні өтті.
2026 жылдың 20 қазанында Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті өңірлік Департаментінің Әлеуметтік фронт-офисінде Ашық есік күні болып өтті. Іс-шара өңірдің түкпір-түкпірінен келген көптеген келушілердің басын қосты. Тұрғындар ең маңызды әлеуметтік сұрақтарға (зейнетақы рәсімдеу, асыраушысынан айырылу бойынша төлемдер, мемлекеттік жәрдемақылар және зиянды жұмыс жағдайлары үшін арнайы төлемдер) тікелей жауап алу үшін келді.
Департамент өкілдері әрбір азаматқа жеке көңіл бөліп: заңнамалық нормаларды егжей-тегжейлі түсіндірді, даулы мәселелерді шешуге көмектесті және азаматтар жинаған құжаттарды тексерді.
Мұндай кездесулер – өз жұмысының басты қағидасын, яғни әрбір азамат үшін ашық, қолжетімді және түсінікті мемлекеттік орган болу қағидатын іс жүзінде жүзеге асырудың бір жолы.
2026 жылғы 1 шілдеден бастап Павлодар облысында «Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК-мен бірлесіп, мүгедектігі бар адамдарға техникалық көмекші (компенсаторлық) оңалтыру құралдарын уақытша өтеусіз пайдалануға беру бойынша пилоттық жоба іске асырылуда.
Бүгінгі таңда жалдау пунктінде келесі құралдар қолжетімді:
12 арба-кресло — 8 ересектерге және 4 балаларға арналған;
8 жүргізіп жүруші құрал (ходунки) — 2 ересектерге және 6 балаларға арналған.
2026 жылғы 14 қыркүйектегі жағдай бойынша мүгедектігі бар 36 адам кеңес алу және жобаға қатысу үшін жүгінді;
• әлеуметтік-техникалық сараптаманың 10 отырысы өткізілді;
• жалдау пунктінен 4 оңалтыру құралы берілді, оның ішінде 3 құрал әрі қарай пайдалану үшін қорға қайтарылды.
• әртүрлі күрделіліктегі 8 ТҚҚ жөндеу жұмысы орындалды;
Жобаға облыстың қалалары мен аудандарында тұратын мүгедектігі бар адамдар қатыса алады, басты шарт — ТҚҚ-мен (арбалар, жүргізіп жүруші құралдар, таяқтар, тіреуіштер, тифло және сурдотехникалық құралдар) қамтамасыз ету туралы ұсынысы бар жеке абилитациялау және оңалтыру бағдарламасының болуы.
Барлық қызықтырақ сұрақтар бойынша «Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК қызметкерлеріне байланыс нөмірі бойынша: +77779545429 немесе мына мекенжай бойынша хабарласуға болады: Павлодар қ., Н. Назарбаев даңғылы 42/1.
Павлодар облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы мүгедектігі бар адамдарды сақ болуға және Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы өнім берушілермен өзара іс-қимыл жасау кезінде қырағылық танытуға шақырады.
Қазіргі уақытта жекелеген өнім берушілер тарапынан мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың техникалық құралдарын және әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді алу кезінде алдау арқылы заңсыз пайда табуға бағытталған жосықсыз әрекеттер жағдайлары жиілеп отыр.
Өнім берушілер тарапынан жасалатын құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алу мақсатында кең таралған схемалар мен қауіпсіздіктің негізгі ережелерін түсіндіреміз.
2026 жылғы 20 қазанда бекітілген кестеге сәйкес №3 медициналықәлеуметтік сараптама бөлімі куәландыру мақсатында көшпелі отырыс өткізу үшін Железин ауданына барды Сондай-ақ, №3 медициналықәлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы Ж. А. Молжанова Железин ауруханасының дәрігерлерімен 5 дәрігер санында "медициналық әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы ПремьерМинистрінің орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулармен танысу тақырыбында семинар кеңес өткізді сараптама"
2026 жылғы 19 қазанда бекітілген кестеге сәйкес №3 медициналық сараптама бөлімі қызметтерді куәландыру мақсатында көшпелі отырыс өткізу үшін Тереңкөл ауданына барды Сондай-ақ, №3 медициналықәлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы Ж А. Молжанова Тереңкөл ауданы ауруханасының дәрігерлерімен ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 5 дәрігер тақырыбында семинар-кеңес өткізді. сырттайбелсенді куәландыру
1) БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын белгіленген кесте бойынша төлем ретінде алуға кімдер құқылы?
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар мынадай тұлғаларға міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МКЗЖ) есебінен белгіленген кесте бойынша ай сайынғы зейнетақы төлемдері жүзеге асырылады:
- зейнет жасына толған адамдар (ерлер – 63 жас, әйелдер – 61 жас (2028 жылдан бастап әйелдердің зейнет жасы жыл сайын 6 айға ұлғайып, 2031 жылы 63 жасқа жетеді));
- 55 жасқа толған, зейнетақы төлемін алуға өтініш берген кезде өздері үшін жиынтығында кемінде күнтізбелік 84 ай бойы МКЗЖ төленген, уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен өндірістердің, жұмыстардың және жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесінде көзделген зиянды еңбек жағдайларындағы жұмыстарда еңбек қызметін тоқтатқан адамдар;
- бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі мерзімсіз белгіленген адамдар.
Ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған жинақтар бойынша зейнетақы төлемдерін жалпыға бірдей белгіленген зейнет жасына жетпей-ақ, яғни 50 жастан бастап алуға болады. Сонымен қатар ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдері мүгедектік тобына және оның белгіленген мерзіміне қарамастан, мүгедектігі бар адамдарға да беріледі. Бұл ретте төлемдерді алу кестесін салымшы өзі дербес белгілейді.
2) Кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшері қалай есептеледі?
Кесте бойынша зейнетақы төлемдері мынадай тәртіппен есептеледі: төлемдерді алудың бірінші жылында зейнетақы жинақтарының сомасы 6,5% мөлшеріндегі зейнетақы жинақтарының төлем мөлшерлемесіне көбейтіліп, 12-ге бөлінеді. Кейінгі жылдары ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері зейнетақы төлемдерін индекстеудің 5% мөлшерлемесіне сәйкес ұлғайтылады. Бұл ретте БЖЗҚ-дан төленетін ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің (бұдан әрі – ЕТК) кемінде 70%-ын құрауға тиіс.
Алушылардың жекелеген санаттары үшін, атап айтқанда, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі мерзімсіз белгіленген адамдарға, сондай-ақ зиянды және қауіпті өндірістерде жұмыс істеген, жинақтары жиынтығында кемінде 60 ай бойы төленген міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан адамдарға қатысты Әдістемеде ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшерін арттыратын түзету коэффициенттері көзделген. Егер алушы жоғарыда аталған талаптардың бірнешеуіне бірдей сәйкес келсе, мәні ең жоғары түзету коэффициенті қолданылады.
55 жасқа толған және өздері үшін жиынтығында кемінде 84 ай бойы МКЗЖ төленген адамдарға зейнетақы төлемдерін есептеу және жүзеге асыру кезінде:
- зейнетақы төлемінің мөлшеріне қатысты ЕТК-нің кемінде 70%-ын құрауы тиіс деген ең төменгі шек қолданылмайды;
- түзету коэффициенттері қолданылмайды;
- жеке зейнетақы шотындағы ЕТК-нің 70%-ынан аз қалдық кезекті зейнетақы төлемінің сомасымен бірге төленбейді.
Айта кетейік, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері алушының зейнетақы жинақтары толық таусылғанға дейін жүзеге асырылады.
Егер БЖЗҚ-дан төлем жүзеге асырылатын күнгі зейнетақы жинақтарының сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен аспаса, жинақтар біржолғы төлем түрінде беріледі.
3) Зейнет жасына толуына байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын алу үшін қайда және қашан жүгіну қажет?
Зейнет жасына толуына байланысты міндетті зейнетақы жарналары есебінен БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен базалық және ынтымақты зейнетақыны тағайындату үшін алушылар тұрғылықты жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына (ХҚКО) уақытылы жүгінуі қажет. Өтінішті зейнет жасына толғанға дейін 10 күн бұрын беруге болады. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің барлық түрі өтініш берілген күннен бастап жүзеге асырылады. Бұл ретте алушы зейнет жасына толған болса, ХҚКО-да өтініш пен қажетті құжаттар тіркелген күн өтініш берілген күн болып есептеледі. Ал егер өтініш зейнет жасына толғанға дейін берілсе, зейнет жасына толған күн өтініш берілген күн болып саналады. Мемлекеттік бюджеттен төленетін зейнетақыны алу үшін уақытылы жүгінудің маңызы ерекше. Себебі оны тағайындау кезінде алушы ұсынған құжаттар негізінде еңбек өтілін тексеру қажет. Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен зейнетақы төлемдері өмір бойы, ал БЖЗҚ-дан алушының зейнетақы жинақтары толық таусылғанға дейін жүзеге асырылады.
Естеріңізге сала кетейік, 50 жасқа толған немесе мүгедектігі бар адамдар ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған жинақтарын алу үшін БЖЗҚ-ның сайтындағы немесе мобильді қосымшасындағы жеке кабинет арқылы, сондай-ақ Қордың кеңсесіне барып өтініш бере алады.
4) Қандай жағдайларда ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдері автоматты түрде тағайындалады?
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес, ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдері ЕЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта және БЖЗҚ-ның зейнетақы қағидаларында айқындалған тәртіп пен талаптар бойынша жүзеге асырылады. Осыған байланысты 2026 жылғы наурыз айынан бастап зейнет жасына толған, БЖЗҚ-да ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары бар, бірақ бұған дейін 50 жасқа толуына немесе мүгедектігіне байланысты оларды алу үшін Қорға өтініш бермеген адамдарға ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін өтінішсіз тағайындау тәртібі енгізілді.
ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін (жинақтары болған жағдайда) өтінішсіз жүзеге асыру тәртібі мыналарды көздейді:
- азамат зейнет жасына толуына байланысты мемлекеттік бюджеттен зейнетақы және міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен төлемдер алу үшін белгіленген тәртіппен Мемлекеттік корпорацияға өтініш берген кезде БЖЗҚ-ның ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін автоматты түрде тағайындауы;
- Мемлекеттік корпорациямен жыл сайын жүргізілетін салыстырып-тексеру нәтижелері бойынша проактивті қызмет аясында ЕЗЖ есебінен төлемдерді жүзеге асыру. Бұл ретте әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде аталған адамдарға мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің және (немесе) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің тағайындалғаны туралы мәліметтердің болуы тексеріледі.
5) Бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік мерзімсіз белгіленуіне байланысты зейнетақы жинақтарын алу үшін қайда жүгіну қажет?
Бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі мерзімсіз белгіленген адамдар зейнетақы жинақтарын алу үшін БЖЗҚ бөлімшелеріне жүгіне алады. Сондай-ақ Қордың ресми сайтындағы (enpf.kz) немесе БЖЗҚ мобильді қосымшасындағы жеке кабинет арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалана отырып, өтініш беруге болады.
Назар аударыңыздар! БЖЗҚ-да бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі мерзімсіз белгіленген адамдар үшін көшпелі қызмет көрсету ұйымдастырылған. Бұл ретте алдын ала кеңес беріледі, оның ішінде Қор қызметтерін маманның баруынсыз, қашықтан алу мүмкіндігі де тексеріледі.
6) БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін рәсімдеуге қажетті құжаттардың тізімімен қайдан танысуға болады?
БЖЗҚ-ның enpf.kz ресми сайтындағы «Қызметтер – Зейнетақы төлемдері» бөлімінде зейнетақы төлемінің түріне және құжаттарды ұсыну тәсіліне қарай қажетті құжаттардың тізбесі, оларды ресімдеуге қойылатын талаптар, өтініш бланкілері мен оларды толтыру үлгілері, сондай-ақ сенімхат үлгісі орналастырылған.
Сонымен қатар сайттың «Онлайн-сервистер» бөлімінде БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу үшін ұсынылатын құжаттарды алдын ала тексеру мүмкіндігі қарастырылған.
Сервистің атауы – «Төлемге арналған құжаттарды алдын ала тексеру»: https://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/checkdoc.php
Мемлекет мұқтаждықты бағалаудың жаңа жүйесін енгізу кезінде кейбір азаматтарға берілетін жәрдемақыларға қатысты нақты ерекшеліктерді заңмен бекіткен. Мысалы, отбасының әл-ауқаты қандай санатқа жататынына қарамастан, мүгедектігі бар балаларға, сондай-ақ I және II топтағы мүгедектігі бар адамдарға тиісті мемлекеттік жәрдемақылар тағайындала береді.
Осындай ерекшеліктер ата-анасынан айырылған жетім балаларға асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы тағайындауға, сондай-ақ мемлекеттік наградалармен марапатталған және жасына байланысты зейнетақы алып отырған көпбалалы аналарға да қатысты. Яғни отбасы әл-ауқаты жоғары А немесе ауқатты В санатына жатқызылса да, бұл қолдау түрлері сақталады.
Ал басқа да кейбір жәрдемақыларды тағайындау тәртібі өзгереді. Олардың қатарында еңбекке қабілетсіз адамдарға күтім жасайтын азаматтарға берілетін төлемдер де бар. Сондықтан әр жәрдемақының шарттарын жеке қарастырған жөн. Мүгедектікке немесе отбасын қолдауға байланысты төлемдердің барлығы бірдей еш өзгеріссіз сақталады деп айту дұрыс емес.
Қазақстанда азаматтарға зейнетақы жинақтарының 100%-ына дейінгі бөлігін жеке басқарушы компаниялардың басқаруына беру мүмкіндігін қарастыру көзделіп отыр. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте түсіндіргендей, әрбір салымшы басқарушы компанияны да, өзіне қолайлы инвестициялық стратегияны да дербес таңдай алады.
Бұл ретте мемлекет кепілдігі мен инвестициялық тәуекелдердің аражігін нақты ажырату көзделеді. Министрліктің ресми материалдарына сәйкес, зейнетақы жинақтарын толық көлемде жеке басқаруға берген жағдайда, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сақталуына берілетін мемлекеттік кепілдік сақталады. Ал салымшының өзі таңдаған инвестициялық стратегияға байланысты тәуекелдер үшін жауапкершілік оның өзіне жүктеледі.
Зейнетақы жинақтарын басқаруға беру талаптары мен мемлекеттік кепілдіктің қолданылу шегі қолданыстағы зейнетақы заңнамасына сәйкес айқындалады. Сондықтан басқарушы компанияны таңдап, шешім қабылдамас бұрын азаматтарға оның инвестициялық стратегиясымен және ықтимал тәуекелдерімен мұқият танысу ұсынылады.
Қазақстандық әйелдерге баласы бір жарым жасқа толғанға дейін ресми жұмысқа ерте оралып, сонымен бірге міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінен тағайындалған бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемді алуын жалғастыруға заңды мүмкіндік беріледі. Бұл норма туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингінде айтылды.
Мәселен, анасы баласы сегіз айға толғанда жұмысқа шықса да, бұл жағдай әлеуметтік төлемді тоқтатуға негіз болмайды. Бастапқыда төлем тағайындауға қойылған талаптар сақталған жағдайда, ол заңнамада белгіленген мерзім аяқталғанға дейін төлене береді.
Бұл жерде ана мен балаға қатысты барлық жәрдемақылар емес, нақты бір әлеуметтік сақтандыру төлемі туралы сөз болып отырғанын ескеру қажет. Сонымен қатар, ресми материалдарда бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемді алу құқығының анаға тиесілі екені нақты көрсетілген.