Меню

Страницы

Статья

Медициналық-әлеуметтік сараптама

Медициналық-әлеуметтік сараптама-Департамент қызметінің негізгі бағыттарының бірі.

Павлодар облысында медициналық-әлеуметтік сараптаманы 4 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі (Павлодар қаласы бойынша 1, Екібастұз және Ақсу қалаларында бір-бірден және МӘС әдіснама және бақылау бөлімі) жүзеге асырады. Мүгедектігі бар адамдарды күн сайын қабылдау және куәландыру жүзеге асырылады. Көшпелі отырыстардың бекітілген кестесіне сәйкес облыстың ауылдық өңірлеріне көшпелі отырыстар жүзеге асырылады.
Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерінің негізгі міндеттері мен функциялары:
* Мүгедектікті және олардың себептерін, мерзімдерін, басталу уақытын анықтай отырып, еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін белгілеу.
* Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламаларын әзірлеу және олардың орындалуына мониторинг жүргізу.
* Еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде көмек пен күтімнің қосымша түрлерінде мертіккен немесе денсаулығына өзге де зақым келген қызметкердің қажеттілігін айқындау.
Медициналық-әлеуметтік сараптама әдіснамасы және бақылау бөлімінің негізгі функциялары:
* мүгедектіктің себептерін, топтарын және еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін, мүгедектерді оңалтуды, оңалтудың жеке бағдарламаларын белгілеудің дұрыстығына, негізділігіне бақылауды, еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде көмек пен күтімнің қосымша түрлерінде мертіккен немесе денсаулығына өзге де зақым келген қызметкердің қажеттілігін айқындауды жүзеге асыру.
* медициналық-әлеуметтік сараптаманың бастапқы бөлімдерінің қорытындыларына шағымданған адамдарға медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу, сондай-ақ медициналық-әлеуметтік сараптаманың бастапқы бөлімдерінің қорытындыларын бақылау тәртібімен тексеру, егер бұл қорытындылардың негізсіз екендігі анықталса, олардың күшін жоюды және өз қорытындыларын шығаруды жүзеге асыру.
* Күрделі (даулы) жағдайларда науқастар мен мүгедектерге медициналық-әлеуметтік сараптаманың бастапқы бөлімдерінің бағыттары бойынша консультациялар жүргізу.

Дата публикации
19 марта 2020
Дата обновления
26 августа 2026
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар
22 октября 2026
Медициналық-әлеуметтік сараптама бойынша мәселелер: жалпы еңбек қабілетінен айырылу
Талдамалық мақала
20 октября 2026
Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеуге арналған жәрдемақы
Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар
15 октября 2026
Медициналық-әлеуметтік сараптама бойынша мәселелер: сырттай-проактивті форматында куәландыру

Социальные медиа

Фейсбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы