Павлодар емханаларының мобильді тобы барлық ұжымды вакцинациялау үшін мемлекеттік мекемелерге баруды жалғастыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Pavlodarnews.kz
Еңбек және әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы Евгений Губарев бұл Департаменттің қызметкерлерін жаппай вакцинациялау олардың өздерін қауіпсіздендіруге және келушілерге вирустың таралу көзі болмауға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Евгений Губаревтің айтуынша, бүгінде департаменттің барлық ұжымының, соның ішінде қаланың әртүрлі бөліктерінде орналасқан филиалдардың 33% - ы вакцинациядан өтуге ниет білдірген. Ақсу мен Екібастұздағы департамент бөлімдерінің қызметкерлері жергілікті емханаларда өз бетінше вакцинацияланады.
Естеріңізге сала кетейік, бір күн бұрын Чехов атындағы драма театрының ұжымы коронавирусқа қарсы екпе алған болатын. Актерлерге бірінші емхананың мобильді тобы шықты.
Павлодар облысында "Гам-КОВИД-Вак" ("Спутник V") препаратымен вакцинация 1 ақпанда басталды. Бүгінде облыс тұрғындары өздерінің медициналық мекемелерінде тек covid-19-ға қарсы вакцинациядан өтіп қана қоймай, электрондық үкімет порталынан егу паспортын да ала алады. Ол үшін ХҚКО жүгінудің қажеті жоқ.
Сурет Константин Шелков