Мүгедектіткті белгілеу үшін медициналық- әлеуметтік сараптама қалай жүргізіледі
Мүгедектікті белгілеу процесі медициналық ұйымның жолдамасы бойынша Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу жолымен жүргізіледі. Адам тіркелген жері бойынша емханаға жүгінуі қажет, денсаулық жағдайы бағаланғаннан кейін емхананың дәрігерлік-консультативтік комиссиясы медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберу туралы шешім қабылдайды және комиссиядан өту форматын айқындайды.
МӘС комиссиясы қандай форматта өтеді?
Медициналық-әлеуметтік сараптама көзбен-көз, сырттай-проактив, үйде, көшпелі отырыстарда, стационарда, сырттай және бас бостандығынан айыру орындарында жүргізілуі мүмкін.
Қандай жағдайларда үйде сараптама жүргізіледі?
Егер адамның денсаулық жағдайы медициналық-әлеуметтік сараптама бөліміне өз бетінше келуге мүмкіндік бермесе, үйде медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізіледі.
Сырттай куәландыру дегеніміз не?
Сырттай куәландыру адам тасымалданбаған немесе қызмет көрсетілетін аймақтан тыс емделіп жатқан кезде жүргізіледі. Шешімді сарапшылар медициналық құжаттардың негізінде азаматтың жеке қатысуынсыз қабылдайды.
Сырттай –проатктив куәландыру нені білдіреді?
Сырттай-проактив формат тізбеге сәйкес белгілі бір нозологиялар бойынша жүргізіледі. Шешім медициналық-әлеуметтік сараптама бөліміне бармай-ақ, аумақтан тыс мамандармен қабылданады.
МӘС-ті өткізудің көптеген форматтары не үшін қарастырылған?
Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің мұндай форматтары әрбір азамат осы мемлекеттік қызметті ала алатындай етіп көзделген.